100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылықтар интернетте көбірек сауда жасай бастады

Қарағанды облысының тұрғындары сауданы интернет арқылы көбірек жүзеге асыра бастады. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында айтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда онлайн сауда көлемі 32%-ға өскен. Аймақ тұрғындары 5.8 млрд теңгенің тауарларын сатып алды. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш үш есеге - 20 млрд теңгеге дейін артады деп болжануда.
Сарапшылар мұндай қолма-қол ақшасыз төлемдерге белсенді көшу көлеңкелі сауда көлемін азайтады деп атап өтті.
- Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы цифрландырудың маңыздылығын, осы процестерді жеделдету қажеттігін атап өтті. Бүгін біз Қарағандыда онлайн-сауда саласында wooppay, flip.kz, shop.kz сияқты бірнеше ірі компаниялардың жұмыс істейтінін атап өткіміз келеді. Электрондық сауданың арқасында көлеңкелі экономика құрдымға кетіп барады. Бұл онымен күресудің қуатты тетіктерінің бірі. Қарағанды облысы барлық жаңашылдықтарды одан әрі белсенді енгізетін болады, - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Мемлекет кәсіпкерлерді онлайн-сауда саласына тарту үшін шаралар қабылдауда. 2018 жылдан бастап 2023 жылға дейін елде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың 90%-ын қабылдайтын тұлғалар үшін корпоративтік және жеке табыс салығы жойылды. Сондай-ақ ондай жеңілдік мәмілелерді электрондық түрде рәсімдейтін және өзінің жеткізу қызметі барларға да қарастырылған.
Соның арқасында, облыстағы POS-терминалдардың саны 2019 жылдың қорытындысы бойынша 31.3%-ға артты.

Өңірде онлайн-сауданы насихаттау үшін сандық сауаттылықты арттыру бойынша тегін курстар өткізілуде. 2019 жылы оларға 128 мың адам келді. Биыл кемінде 30 мың адамды оқыту жоспарлануда. 2022 жылға қарай өңірде цифрлы сауаттылықтың жалпы деңгейі 83% құрауы тиіс.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»