100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылық әскери қызметшілер #Аbai175 челленджіне қолдау көрсетті

Қарағанды қаласының 50185 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Абай-челленджге қолдау көрсетіп, бейнеролик түсірді. Онда олар Абайдың «Өлең - сөздің патшасы» атты шығармасын оқиды.

Идея авторы 50185 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Арман Құдайбергенов. Әскер қызметі жөніндегі штаб бастығының орынбасары майор Сұңғат Мақсұтов сценарист, режиссер, оператор және монтажер ретінде өз үлесін қосты. Өлеңді бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Серік Рамазанов, жедел қызмет қатардағы жауынгері Нұрдәулет Бүркітбаев, келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері Ақбота Маматилова, аға лейтенант Жандос Оңлас, майор Жайнар Смағұл және аға лейтенант Шыңғыс Зұлқарнаев оқыды.

Абай-челленж – ұлы қазақ ақыны және ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқитын поэтикалық эстафета. Челлендж ұлы жазушының 175 жылдығына арналған.
Эстафетаны тоғыз жасар оқушы Ләйлім-Шырақ пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған. Дәл осы Ләйлім Абайдың өлеңін оқып, ел Президентіне үндеу тастады. Қыз бала және оның ата-анасы үшін күтпеген жерден Мемлекет басшысы бұл шақыруды қабыл алды. Сонан соң ол эстафетаны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге тапсырды.
Челленджге Қазақстан Президентінен басқа, Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағаметов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раймқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген, композитор Игорь Крутой, «Ресейдің күміс дауысы», халық әртісі Олег Погудин, ресейлік әнші Валерия, Ресей Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Давлетьяров, танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаев, Ресей президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой және басқалары қатысты.

 


 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»