Жаңалықтар
1 мамыр Қушоқы кентінде
Еліміздің тыныштығы мен татулығын сақтау мақсатында 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні мен Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай, Қушоқы кенті әкімі Қ.Н. Құсайыновтың ұйымдастыра басқаруымен Қушоқы кентінде әр ұлттан ұласқан «Бірлігі жарасқан ел мықты» атты мерекелік салтанатты концерт өткізілді. Кент әкімі Қ.Н. Құсайынов тұрғындарды мереке күнімен құттықтап. Әр жанұяға бақыт пен денсаулық, сый-құрмет тіледі. Кент халқын ынтымақ пен бірлікке шақырды. Кент әкімінің құттықтауынан кейін концерттік шара өтті. Дәстүр мен салтқа тола әр түрлі көріністер көрсетілді. Әр бір ұлт ән айтып, би биледі.
Кент мектебінде де жастардың бойына татулықтың негізін дәріптеу мақсатында «Бірлік пен ынтымақ» атты мерекелік бағдарлама өткізілді. Мектеп оқушылары ата-аналары мен ұстаздары арасында өнерлерін көрсетті.
Қушоқы кенті әкімі аппаратының
бас маманы: Уримхан А