100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Баймырза ауылындағы Жеңіс мерекесі

 

Баймырза ауылдық округі бойынша Отан қорғаушылар күніне және  Жеңісіне 73 жылдығын атап өту іс-шаралары өтті. Ауыл мәдениет үйі кітапханасында «Мәңгілік ұмытылмас» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылып және соғыс ардагерлерінің құрметіне стенд жасалды.

Ауыл тұрғындары обелиск аумағын қоқыстан жинастырып ағаштардың түптерін ақтады. Мереке Жеңіс күніне арналған митингтен басталды. Калинин орта мектебінің оқушыларымен Даңқ обелискі алдында құрмет қарауылы ұйымдастырылды. Салтанатты митингті еңбек ардагерлері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жергілікті қоғамдастық мүшелері құттықтау сөздерімен жағастырды.

1941 жылы Покорное ауылынан кетіп, соғыс майданында қайтыс болған Акашев Тахавидің ұлы Акашев Виктор Тахавиевич келіп майданда қайтқан әкесіне құрмет танытып, сөз сөйледі.

Акашев Виктор Тахавиевичтің сөз сөйлеуінен кейін мемориалды тақтайшаның ашылуы болды. Майданда қайтқан аталарымыз рухына минуттық үнсіздігімен құрмет танытып обелиске гүл қою рәсімі өтті.

Келген қонақтар ауылдық мәдениет үйіне «Ерлік – ұрпаққа ұран» атты мерекелік концертке шақырылды.

Іс-шараларды атап өтуге демеуші болған «Нур-СХ» ЖШС директоры Перегуд А.Г. сөз сөйлеп, соғыс ардагерлеріне сыйлықтар салынған себеттер сыйға тартты.

Калинин орта мектебі «Ұлы Жеңіс ардагерлерінің даңқы арта берсін» тақырыбында сурет конкурсы және «Әлем есінде қалған Ұлы құтқару» тақырыбындағы кітап көрмесі өткізілді.

Сонымен қатар мәдениет үйінде, дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында, ауыл тұрғындардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін волейболдан сайыс ұйымдастырылды, біріншілік үшін кубок сыйға тартылды және мадақтамалар берілді.

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»