1- қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мерекеде бүлдіршіндер алғаш мектеп табалдырығын аттаса, кеше ғана университет түлегі атанған жас мамандар өздерінің мұғалім ретіндегі алғашқы жұмыс күнін бастайды.
Әрбір адамның өміріне ерекше әсер беретін бұл мереке Тоғызқұдық ауылдық округіндеде өз деңгейінде аталып өтілді.
Кузнецкий ЖББОМ жиын залында «Білімнің мініп тұлпарын, Алға ұмтыл, ұрпағым!» атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді.Мерекелік жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, залға салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Туы әкелінді. Мерекелік жиын барысында сөз алған ауыл әкімінің м.а Т.Арыстанбеков мектеп оқушыларымен ұстаздар қауымын айтулы мерекелерімен құттықтап, алғаш мектеп қабырғаларын аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Мерекелік шарада дайындық тобының оқушысы Айтан Аяла «Мерекем» әнін орындаса, 5- сынып оқушылары Г.Нәрболмен Ж.Мәңгілікқызы «Қазақ» биін биледі. Салтанатты жиын «Мен өз Отанымның патриотымын» атты білім сабағымен жалғасты.
Тоғызқұдық ауылдық округі