100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

1 қыркүйек – білім күні!

Қаражар ауылдық округінде Мәнжі батыр атындағы орта мектебінде 1- қыркүйек білім күніне арналған мерекелік іс-шаралар атқарылды.  Мерекелік шара әнұран айтылып, мемлекеттік ту көтерілумен бастау алды. Шара барысында ауыл әкімі Кенжекеева Сымбат Боранбайқызы  мектеп табылдырығын жаңа аттаған оқушыларды және барша оқушыларды, ұстаздармен ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтап, лебізін білдірді. Құттықтау кезегін ардақты ардагер ұстаз Байбақытты Халилолла Әбдірахманұлы жалғастырды. Сөз кезегін мектеп директоры Қоянбаев Амангелді Шоңқабайұлы құттықтап, үздік орын алған оқушыларды және ұстаздарды марапаттады.11 – ші сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. 1 – ші сынып оқушылары әзірлеген өлеңдерін оқыды. Мерекелік шара кезінде «Мектепке - жол» бағдарламасы бойынша мұқтаж жандарға демеушілердің дайындаған сыйлықтары үлестірілді. Демеушілік көрсетушілер: Зауырбеков В.С., Алероева С.С., Муканов М.М., Жумабеков Б.Х., Ибкеев С.К., Баймұқан Р. мектепке арналған оқу құралдарымен жабдықталған сөмкелер үлестірді. Алероева С.С. жазғы демалыстарында «Амин» шаруа қожалығында еңбек еткен оқушыларды сыйақы ретінде ақшалай марапаттады. Оқушылар өз кезегінде өздері дайындаған билерін көрсетті. Алғашқы қоңырау іс-шарасы аяқталысымен балалар сыныптарына тарасты.

Қаражар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.К.Кулмагамбетов
 

фото

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»