100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Қарақұдық ауылы Амангелді орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналғын ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Жас ұрпақты Отаның сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйреніп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту мақсатында ашық тәрбие сағаттары өтілді.
Тәрбие сағаттары барысында кіріспе сөз сөйлеп, «Тәуелсіздік шежіресі», «Желтоқсан құрбандары» тақырыбында жинақталған суреттер, қаннатты сөздер, буклеттер қойылып, Тәуелсіздікті қандай күшпен, еңбекпен алғаны туралы бейнеролик көрсетілді.
Жоспар бойынша «Тәуелсіздік тағылымы» (5-сынып), «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім» (3-сынып), «Желтоқсанның ызғары» (11-сынып), «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» (8-сынып), «Желтоқсанда үзілген жауқазын» (4-сынып), «Желтоқсан жаңғыры – егемендік» (10-сынып), «Желтоқсан құрбандары» (2-сынып), «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан» (7-сынып) атты ашық тәрбие сағаттары өз деңгейінде өтілді.

 

фото

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»