100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Тоғызқұдық ауылдық округі әкімінің есебі

Ата – бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. «Мәңгілік Ел» - отандастардың бірегей  тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Тоғызқұдық ауылдық округінде атаулы шаралар өткізіліп жұмыстар атқарылды.
Тоғызқұдық ауылдық округінің құрамы  екі елді мекеннен тұрады. Орталығы – Тоғызқұдық ауылы және бөлімшесі Тасшоқы ауылы. Округ бойынша үйлер саны - 296, отбасылар саны - 379, халық саны - 1322. Мүгедектер -60, зейнеткерлер - 135, соғыс ардагері-1, тыл еңбекері – 6, жауынгер-интернационалист – 1 адам, жастар саны - 424, оның ішінде жоғарғы оқу орындарының студенттері-48, колледж студенттері-68. Экономикалық белсенді тұрғындардың саны -748, жұмыспен қамтылғаны - 419, оның ішінде өз тарапынан жұмыс істейтіндер - 372 адам. Жыл бойы 52 адам жұмысқа орналастырылды. 
Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатын 18 отбасы, 94 адам.
Тұрғын үй көмегін 7 отбасы алады. Көп балалы отбасылар саны - 125. Жыл бойы  аталған категориялардағы адамдарға демеушілер тарапынан материалдық көмек көрсетіліп отырды.  
Тоғызқұдық және Тасшоқы ауылдары бүгінгі күнде қарқынды даму жолында. Бұл ауылдарда елдегі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының біршамасы орындалып, игеріліп келеді. 2014 жылы республикалық бюджеттен 256 млн. теңге бөлініп «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауылымызға  ауыз су жүргізілген болатын, 2015 жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 1443 мың теңге бөлініп  Тасшоқы ауылына 11 көше жарығы орнатылып көшелер жарықтандырылды. Бүгінгі күні  округ бойынша 71 фонарь қойылған, қазіргі уақытта 15  іске қосылып тұр, қалған фонардың іске қосылмау себебі фотореле жанып кеткен. Осы айда жөндеп іске қосатын боламыз.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын орындау. 2016 жылы өз жеке ісін ашу үшін 5 жоба аудандық жұмыспен қамту орталығына ұсынылып, 3 адам несие алды. Атап айтатын болсақ:  Аманкелді Нурбахат мал басын өсіру  үшін, Жумажанов Төлеген мал бордақылау үшін, Оразхан Нурима наубайхана ашу үшін.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша биыл республикалық бюджеттен 45 млн. тенге бөлініп ауылымыздың мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстарына ауылымыздан 20 адам жұмысқа тартылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша биыл дәнекерлеуші мамандығы бойынша екі адам Жаманбаев Саят, Айдарханов Дастан оқуға жіберілді. «Жастар тәжірибесі» бойынша бір адам Нүрпейс Алпеш ауыл әкімшілігінен іс –тәжірибеден өтті.
Округ бойынша 1 орта және 1 негізгі мектеп жұмыс атқарады. Жалпы оқушы саны - 255, барлығы 58 мұғалім қызмет етеді. Мектептерде кадр мәселесі шешілген, қазандықтар толық режимде жұмыс істеп тұр. Тоғызқұдық  орта мектебінде  орталықтандырылған су құбыры жұмыс істейді. Округ бойынша 3 пен 6 жас аралығында мектепке дейінгі оқу - тәрбиемен жалпы 94 бала қамтылған. Шағын орталықтар тәрбиешілермен және оқу-тәрбие үрдісіне қажетті   құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.   
Тоғызқұдық ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды, арнайы автокөлігі бар, жалпы 5  маман  қызмет етеді. Тасшоқы ауылында фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Жоспарлы түрде дәрігерлік бақылау жүргізіліп отырады.
Маусым  айында  4 бала «Березка» санаторийіне барып, денсаулықтарын түзеп келді.  Тамыз айында Қарағанды қаласынан медициналық комплекс келіп ауыл тұрғындарына тегін медициналық қызмет көрсетті.
«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағыты», шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау. Округ бойынша тіркелген  шаруа қожалықтарының саны - 46.  Оның ішінде 40 шаруа қожалығы толық жұмыс істеп, даму жолында.
Биылғы жылы 3045 га егін салынып, 2528 тонна бидай, 2274 тонна арпа және 95 тонна сұлы жиналды. Қысқы мерзімге 10,328 тонна жем- шөп дайындалды.
Ауылда жеке кәсіпкерлер  саны - 5. Дүкен иелерімен азық-түлік бағасын өсірмеу жөнінде меморандумға қол қойылған. Апта сайын азық – түлік бағаларына мониторинг жүргізіліп тұрады. 
     Мәдени - бұқаралық іс-шараларды өткізу барысы.  Мәдени-ағарту ошақтарынан округте 1 мәдениет үйі,  1 модельді  кітапхана бар. Бұл бағытты ерекше атап өту керек. Себебі әрбір мәдени іс-шараны   халықтың басын біріктіруге, елге деген сүйіспеншілікті бекіту үшін, Елбасының саясатын  тарату мақсатында терең мағынамен ұйымдастырып, өткізу жоспарланады. Тоғызқұдық ауылында мәдени ошақ болмағанымен білім мекемелері, ардагерлер кеңесі, жастар қауымы мен кәсіпкерлер бірлесе ұйымдастырып, ақылдаса отырып өткізген  әр шара өз мақсатына жетіп отырады.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына  орай  мәдени іс- шаралар құрылған жоспар бойынша өткізілді.   Мерекелік күндері ғимараттардың алдарында мерекелік  ұрандар мен түрлі - түсті тулар ілінеді. Өткізілген  мәдени, саяси іс-шаралар аудандық «Бұқар жырау жаршысы» газеті мен аудан әкімінің сайтында  жарияланып тұрады.   Бұл өзімізді дәріптеу немесе мадақтау үшін керек емес. Бұл ауыл азаматтарының бойында өзімізге деген сенімділік орнату үшін, ауылдың дамуына барша тұрғындар үлес қосу керектігі туралы ой салу үшін жасалуда.  Жыл сайын 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні  аталып өтіледі, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне  “Разрез Кузнецкий ”  тау кен компаниясы  өз аттарынан бағалы  сыйлықтар таратты.  Шаруа қожалықтарының басшыларының демеушілігімен үлкен мерекелік дастархан  жайылды.      Қарттар күндеріне  де  шаруа қожалықтарының басшылары  үлкен көмек көрсетіп тұрады. Сонымен қатар жыл сайын “Разрез Кузнецкий ”  ЖШС ҰОС-ың ардагері мен жауынгер интернационалистке тегін көмір беріп тұрады.
    Ауылда «Билайн» және «Актив» байланыс жүйесі жақсы жұмыс істейді, интернет желісі қосылған. Пошта қызметі бұрынғыға қарағанда қазір қарқынды жұмыс жасауда, себебі поштаға спутникті антена орнатылған, барлық төлемақылар мен басқа да қызметтер «колвер» жүйесі арқылы көрсетіледі, газет - журналдар сонымен қоса  халықтың еңбекақысы,зейнетақысы уақытында таратылып беріледі.
Жеке кәсіпкерлерден, жер мен мүліктен және көліктен түсетін салық төлемдері  2016 жылдан бастап жергілікті әкімшіліктің қолма –қол бақылау есеп шотына түсетін болды. Жыл басынан есеп шотқа 1,336530 тенге жиналды. Оның 1,076032  теңгесі көше жарығына төленді.
Жыл сайын сәуір айында халық арасында  жеке меншік малды бағу және көктемгі тазалық жөнінде жиналыс өткізіледі.  Ауыл тұрғындарымен елді мекендердің сәулет түрін жақсарту және көгалдандыру бойынша жеке аула иелерімен бірыңғай шарт жасалған. Тұрғындар арасында қатты тұрмыстық қоқыс полигонын ашу бойынша үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Ауылды көркейту  және  өрт қаупін алдын алу жөнінде ауыл әкімімен 296 отбасы келісім шартқа отырды. Биылғы жылы шаруа қожалықтарының көмегімен ауылдан  220  тонна қоқыс шығарылды. Ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып зираттың маңайы тазартылып  қоршауы ұзартылды.  Ағымдағы жылы  жыл бойы объективті себептермен орындалмай қалған жұмыстарды, ауыл тұрғындарының  өтініш, талаптарын ескере отырып бюджет  және демеушілер есебінен келесі  жұмыстарды атқару жоспарланып отыр:
- Тоғызқұдық ауылының  Амангелді көшесінде орналасқан  көпірді  қалпына келтіру,
- «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында  жаңа 2 жоба ұсыну.
- Ауылдың ішіндегі жолдарды тегістеу,
-Ауылды көгалдандыру,
      Алдағы уақытта шыдамдылық танытып, қолдан келетін істі бірлесіп, ұжымдасып атқаруға шақырамын. 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға  рахмет!

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»