Тәуелсіз Қазақстанның ел дамуында елеулі орын алған тағы бір жылы тарих қойнауына енді. Өткен мен бүгінді салыстыру арқылы атқарылған істерге, қол жеткізген жетістіктерге баға беріледі. Қазір жер-жерде тың бастамалар туындап, оны жүзеге асыру мақсатында игілікті істер тындырылуда.
Үміткер ауылдық округі облыс орталығынан 130 шақырым, аудан орталығынан 63 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекен. Округ аумағы 97777 га, оның ішінде –50603 га ауыл шаруашылығы бағытындағы, 39378 га елді мекендер жері бар. Округке қарасты үш ауыл бар. Атап айтсақ, Үміткер, Үлгі, Төрткөл ауылдары. Халық саны 1320 оның ішінде Үміткерде 1021, Төрткөлде 139, Үлгіде 160. Аула саны – 216, оның ішінде Үміткерде – 170, Төрткөлде - 24, Үлгіде – 22. Экономикалық белсенді – 494 адам, тұрақты жұмыс істейтіндер – 252 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 151 адам, жұмыссыздар – 26 адам. Округ бойынша зейнеткерлер – 132, мүгедектер – 59, 18 бен 29 жас аралығындағы жастар саны 144, оның ішінде студенттер саны – 38, округ бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Ауған соғысына қатысқандар жоқ. Үміткер ауылдық округінде ақсақалдар алқасының төрағасы жыл бойы мерекелік іс шараларға қатысып, белсене жұмыс жасады.Үміткер ауылдық округі бойынша 10 отбасына балалар жәрдемақысы берілді. Үлгіден 1 отбасындағы 4 балаға, Үміткерден 9 отбасындағы 28 балаға балалар жәрдемақысы берілді.
2016 жылы Боранбай ШҚ мен Мадина ШҚ арпа екті. Мал азығын дайындау барысында Үміткер ауылдық округі бойынша 15000 тонна ауқымды мал азығы жиналды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1063000 теңге бөлінді.Оның ішінде балалардың шағын ойын аланың құруға 600000 тенге, ескі үй орындарын тазалауға 463 000 тенге жұмсалды. 2016 жылы қыс айларында көше жолдарын қардан тазалауға 950 000 теңге бөлініп ЖК «Кенжебаев» пен келісім шартқа отырып, жұмыс жасалды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында Қасымбекова Ж.Б 2 млн тг және Сембаева А.О. 3 млн тг несие алды. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы клубымыз күрделі жөндеуден өтіп 25 адам уақытша жұмысқа тартылып, қазіргі уақытта 6 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Төрткөл клубына жылыту қазандығы, батареялар орнатылды.
Осы бағдарлама арқылы мектебіміздің спорт залы да күрделі жөндеуден өтіп 5 адам уақытша жұмысқа тартылды.
Мектеп және ауылдық модельді кітапханаларда белгіленген уақыттарда ауыл азаматтары арасында дөңгелек үстелдер, өзара пікірталас өткізіліп келеді.
Пошта қызметіне тоқталар болсақ, ауылға пошта аптасына 3 рет келеді. 2016 жылы газет-журналдарға жазылу көрсеткіші 100 пайызды құрады. Тұрғындар тарапынан ауылдық поштаға қатысты арыз-шағым болған жоқ.
Бүгінгі күнге дейін шешімін таппаған мәселелер де бар олар:ауыз су, көше аралық жолдар, ауылға кіре беріс көпірдің авариялық жағдайы, ұялы телефон мәселелері.
Бір айта кететін жағдай көп жылдан бері шешілмей келе жатқан ауыз су мәселесі биыл, яғни 2017 ж. су құбырын тартуға 168,5 млн тенге қаражат бөлінді. Көпір, ауылдың көше аралық жолдарын жөндеуге 32 млн. теңгеге смета жасалды. 2017 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша көпірді жөндеу жоспарлануда.
2017 ж. тойхана мәселесі де толықтай аяқталып, ел игілігіне септігін тигізеді.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Ауылымыздың өркендеуі мен гүлденуі өз қолымызда деп сенемін. «Бірлік түбі – ынтымақ» деген ғой халық даналығы.
Ендеше тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік болсын!