100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай

Сол Ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы шыңға күн, түн демей өрледік.
Сұрапылда ерледік те, шерледік,
Намыс туын қолдан бірақ бермедік,
Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына  28 жыл толды. Осыдан  28 жыл бұрын ақпан айының 15 жұлдызында Ауған соғысына қатысқан кеңес әскері елімізге оралған болатын. Аман-есен елге қайтқан азамат ұлдарымызды ардақтап, қанды қырғында қаза құшқандарын еске алу мақсатында жыл сайын  Мәдениет үйінде дөңгелек үстел ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Дөңгелек үстелге Ауған соғысына қатысқан жауынгер-интернационалист жерлесіміз А.Жүнісов, жергілікті әкімшілік мамандары ҚАТЫСТЫ.
Іс-шара барысында ауыл әкімі Т.Арыстанбеков Ауған соғысына қатысушы жауынгер-интернационалист А.Жунусовты мерекесімен құттықтап, бұл шараның мән-маңызы жоғары  екенін айтып өтті. Қанды қырғында опат болған, боздақтарды еске алып, 1 минуттық үнсіздік жарияланды.
Ауылдық  әкімшіліктің бас маманы, «Нұр Отан» бастауыш партиясы ұйымының  төрайымы В.Төлеутаева Ауған соғысының ардагеріне қызыл оттың арасынан елімізге аман-есен оралған сіз нағыз бақытты жансыз, сіздің ерліктеріңіз, Отансүйгіш қасиеттеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі  деген  ақ тілегін білдіріп, естелік сыйлық табыстады. Іс-шара мәдениет үйінің өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Ауылдық округ бойынша ақпан айының 6-нан бастап Кузнецкий ЖББОМмен Тасшоқы НМ-де «Ауған жаңғырығы», «Ауғанстан – мұңым менің» атты Ауған соғысының ардагерлері туралы сынып сағаттарымен ерлік сағаттары өткізілді. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Р.Аманкелді  мектеп  оқушылары арасында «Ерлер ерлігі өшпек емес » атты тақырыпта суреттер көрмесін ұйымдастырды. Кітапханашылар К.Нарикова, А.Абуова « Ауған жеріндегі ерлік»  атты тақырыпта кітаптар көрмесін ұйымдастырды.  Көрмеде оқушылар Ауған соғысы тарихы туралы өзара пікір алмасты. Кузнецкий ЖББОМ-нің «Жас ұлан» ұйымының аға тәлімгері С.Қалымжанова Ауған соғысына қатысушы жауынгер - интернационалист А.Жүнісовтің қатысуымен  «Ерлік ерге мұра» атты тақырыпта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Жауынгер  - интернационалист Жүнісов Аманкелді мектеп оқушыларымен Ауған соғысында болған естеліктерімен бөлісті.
Батыр жерлестеріміздің жарқын бейнесі мен есімдері ел есінде мәңгі сақталмақ. Біз жастар Ауған соғысында жауынгерлеріміздің көрсеткен ерлігін қашанда мақтан етеміз.

Тоғызқұдық ауылдық округі әкімі
                                                       аппаратының жетекші маманы
                       Б.Мадениет

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»