100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Төрлет, Жаңа күн,Әз -Наурыз!

    Үштөбе ауылдық округінде 18-22 наурыз аралығында дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. 
     Құрлыс, Заречное, Үштөбе ауылдарының тұрғындары көшелермен бірігіп, ауылдар құрып өзара салт-дәстүрлерге байланысты көріністермен, ұлттық ойындармен, ұлттық тағам бойынша сайысты.
    Құрлыс ауылында ата-аналар мен балалары бірігіп өнерлерін көрсетсе, Заречное ауылында Мәдениет үйінің көркем-өнерпаздары, Үштөбе ауылында, «Аяла» балабақшасы мен Үштөбе орта мектебінің ұжымдары жиналған ауыл тұрғындарына   ән мен биден шашу шашты.
    Аталған іс-шаралардың мақсаты – Ұлттық дәстүрмен өткізілетін науырз мерекесінің ерекшелігін мен салт – дәстүріне сүйіспеншіліктің арттыру.
    Ауылдық округі әкімі Е.Ж. Саргизов барлық мерекелік іс-шараларға  қатысып, жиналған ауылдық округ тұрғындарына:
- Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!- тілек айтып, құттықтады.
    Ауылдық округінің «Мереке», «Айнабұлақ», «Қурлус» т.б. шаруа қожалықтар мен «Премиум», «ПФ К.Маркса» ЖШС- лары демеушілік көмек көрсетіп, жалғыз басты қарияларға, әлеуметтік жағдайы төмен және мүгедектерге  азық- түлік дорбаларын жасап, Үштөбе ауылында өткізілген мерекелік бағдарламада  қайырылымдық дастархан жайды.
                               
                             

«Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»