100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

«Қош келдің әз-наурыз!»

Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні түн мен күн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.
Үміткер ауылдық клубында 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні  әкімшілік, клуб, кітапхана, қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің әз-наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ауыл әкімі Еркебұлан Қазымұлы ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтап зор денсаулық, жанұяларына сарқылмас бақыт тіледі. Клуб үйірмелерінің мүшелері және ауыл тұрғындары әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.
«Қазағымның дәстүрлері –ай» тақырыбында ұжым аралық сайыс өткізілді. Мәдени ошақ ұжымы «бесік той» , әкімшілік ұжымы «тұсау кесер», емхана ұжымы «сүндет той», мектеп ұжымы «құда түсу» дәстүрлерін көрсетіп ән айтып , би биледі.
Ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатымен ұлттық тағамдардан  шағын жәрмеңке ұйымдастырылып  бауырсақ таратылды және наурыз көжеден дәм татырылды, Жәнібеков Нұрбай мен Авпасов Нұрлан ұйымдастырған ұлттық ойындар түрлерінен жарыс өткізілді.
Мерекелік шараның соңында, ұжымдараралық сайысы мен ұлттық ойындардан жеңімпаздар естелік сыйлықтармен мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Ауыл тұрғындары риза болып, үлкендер ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп баталарын берісті.


 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»