100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

«Қош келдің, қазағымның Наурыз тойы!»

Бес мың жылдық тарихы бар Наурыз мерекесі әлемге жылулық әкеледі. Табиғат ана құлпырып, жер-ана бусанып, жұмыр жер бетіндегі жанды нәрселердің бойына қан жүгіреді, ағаштар бүршік жара бастайды. Сондықтан мейірімі түскен жаңа күн қаһарлы қыстан қысылып шыққан халықтың жанын жадыратып, шаттық пен қуанышқа бөлейді. Наурыз мерекесін қазақ халқы Ислам дінін қабылдамастан бұрын тойлаған. Наурыз мейрамы – қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке. Қыс айларында мал-жанын шүберекке түйіп, әупірімдеп көктемге әзер шыққан ел өрістегі малдың аузы көкке ілініп, арқа-басының кеңігенінің құрметіне Ұлыстың ұлы күнін ат шаптырып, аударыспақ ойнап, жамбы атып, балуан күрестіріп, ұлан-асыр той жасап қарсы алатын болған.
Осыған орай 22-наурыз күні  Қарақұдық ауылында Үлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, қазағымның Наурыз тойы!» атты үлкен іс-шара өтті. Сахнада Мешін жылын шығарып салып, Тауық жылын қарсы алып, Қыдыр атамыздың батасын алып, әжелеріміздің шашулары шашылып Наурыз тойы да басталып кетті. Алғашқы сөз кезегі ауыл әкімінің құттықтау сөзімен басталды. Аулада алтыбақан және киіз үй құрылды. «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын» атты баннер ілінді. Зал мерекеге сай безендіріліп, көрермен назарына «Наурыз келді құт болып» атты көрме панорама ұсынылды. «Шаңырақ-шоу» атты 4 отбасы яғни, Макеновтар, Бейсенбиндер, Мукпиловтар және Ахметовтар отбасылары арасында отбасылық сайыс өтті. Отбасылық сайыс арасында сайыскерлеріміздің жауаптары дайын болғанша әншілеріміздің әндері мен биші қыздарымыздың билері тамашаланып тұрды. Әділ қазыларымыздың әділ шешімімен 75 ұпаймен Макеновтар отбасы алға суырылып шығып «Үлгілі отбасы», 69 ұпаймен Бейсенбиндер отбасы «Өнерлі отбасы», 68 ұпаймен Мукпиловтар отбасы «Ұйымшыл отбасы» және 65 ұпаймен Ахметовтар отбасы «Өнегелі отбасы» номинацияларын иеленіп, «Сәт көмір» тау-кен кәсіпорнының демеушілігімен әр отбасына 5 тонна көмірдің талондары мен мадақтама қағаздар табысталды. Отбасылық сайыстан соң көрермендер арасында лотерея ойнатылып, ұтыскерлер өздерінің сыйлықтарын алып мәз-мәйрам болды. Сонымен қатар Ұлыстың ұлы күні қазақша күрестен 40, 45, 50 кг. және абсалют салмақта күрес өтті. Күрес жеңімпаздарға І,ІІ,ІІІ орындардың арнайы медальдары мен  мадақтама қағаздарымен марапатталды. Ауыл тұрғындары әр мекеме жасаған үстелдерден наурыз көже мен ұлттық тағамдардан ауыз тиіп мәз мәйрам болды. Наурыз мерекесі Қарақұдық ауылында күндікке тойланды.

 

Қарақұдық ауылы 

 

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»