Егер сіз тегіңізді не есіміңізді өзгерткен болсаңыз, бұл туралы анықтаманы онлайн түрде egov.kz порталы арқылы алып көріңіз.
Қызметті онлайн алу үшін:
Порталда авторланып, «Қызметті онлайн алу» батырмасына өтіңіз;
Өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз немесе смс-құпиясөзді пайдаланыңыз;
Қажетті төлемді жүргізіңіз;
Өңделген анықтаманы жеке кабинетіңізде «Қызметтерді алу тарихы» тарауынан таба аласыз;
Ескерту! Онлайн-қызметті 2008 жылғы 14 сәуірден бастап тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы жазба актісі жазылған азаматтар ғана ала алады. #oqytoqy
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі Бұқар жырау ауданының №1 бөлімі