Новости области
Қарағандылық оқушылар республикалық жас инспекторлар қозғалысы слетінде бірінші орын иеленді

Қарағандының оқушылар командасы республикалық «Жас инспекторлар қозғалысы-2018» слетінде бірінші орынды жеңіп алды. Жарыс Қызылордада 20-29 тамыз аралығында өтті.
Жеңіс үшін Қазақстанның барлық облыстарынан 16 команда күресті, сонымен қатар Беларус, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясының командалары да бақ сынады.
Жарыс бағдарламасында жол қозғалысы ережелерін, реттеуші сигналын білу, жарақат алғанда алғашқы көмек көрсету, велосипедте мәнерлеп жүру және велосипедпен автогородкада жүре білуге қатысты 10 байқау болды.
Биыл жас қозғалыс инспекторларының слеті Қызылордада «Арай Sunrise» балалар лагерінің базасында өтті. ҚР ІІМ әкімшілік полициясының комитеті Қызылорда облысының ІІД және аймақ әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Слет ЖҚИС құрылғанына 45 жыл толуына арналды және есеп бойынша 18 болды.
10 күндік жарыстың қортындысы бойынша Қарағанды облысының командасы үздік деп танылды. Екінші орында Қостанай облысының, үшінші орынды Оңтүстік-Қазақстан облысының оқушылары місе тұтты.
Енді қарағандылық команда Краснодарда өтетін жас жол қозғалысы инспекторларының слетіне қатысып, Қазақстанның намысын қорғайды.
ЖҚИ – жас қозғалыс инспекторлары – бұл оқушылардың шығармашылық бірлестігі. Олар жол қозғалысы ережелерін үйренумен айналысады. ЖҚИ алғашқы отряды 1973 жылы құрылған. Қазақстанда ЖҚИ республикалық слеті 1982 жылы Алматы қаласында өткен. 1987 жылы Ақтөбеде, 1989 жылы Қарағандыда ұйымдастырылған. Тәуелсіздік алғаннан кейін мұндай слеттер көп жылдар бойы өткізілмеді. Ал, 2001 жылы ҚР ІІМ жол полициясы департаменті бұл қозғалысты қайта жаңғыртып, алғашқы слетті Алматыда өткізуді ұсынды. Одан кейін жарыс дәстүрлі түрде жыл сайын республикалық деңгейде өткізіліп келеді.