Новости области
Ерлан Қошанов қарағандылықтарды Конституция күнімен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қарағандылықтарды Конституция күнімен құттықтады. Ол мерекеге арналған салтанатты шараның ашылуында өз тілегін білдірді.
- Конституция – бұл құжаттың негізіне біздің басты құндылықтарымыз – бейбітшілік пен келісім енген. Біз бірлігімізді сақтай білдік. 140 ұлттың дін бостандығын, нанымын, өзіндік ерекшелігі бар мәдениетін сақтап қалдық. Әлемнің 20-дан астам ең үздік Конституцияларын біздің Елбасымыз және заң шығарушы тұлғаларымыз зерттегенін біреу білсе, енді бірі білмейді. Олар тек ғаламдық даму тенденциясын ғана ескерген жоқ, сонымен қатар біздің дәстүрімізді жоғары қоя отырып, Ата Заңымызды қабылдады. Біздің Конституциямыз әлі күнге дейін әлемдік зерттеушілердің зерттеулері бойынша ең озық ойластырылған Конституциялардың бірі деп танылып келеді. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, « Конституция - біз үшін өмір стилі». Егер әрқайсымыз осы сөздің терең мағынасын түсінсек, онда Қазақстан үшін бұл 30 дамыған елдің қатарына енудің даңғыл жолы болады. Заңды жанды ететін адамдар, оның ішінде біз – қарағандылықтар да бармыз. Біздің еліміз Қазақстан қарыштап дами берсін! - деді аймақ басшысы.
Биыл концерт орталық саябақтың жақында жөндеуден өткізілген батыс бөлігінде өтуде. Оның бірінші бөлімінде тұрғындар үшін Қуандық Рахым, ADAM және біздің қаламыздың өнерпаздары – Гүлбану Серікова, Полина Штыкова, Фархат Сапан, Динара Тұңғышбаева және Меруерт Тойбекова өнер көрсетеді. Сағат 17:00-де басталатын кешкі бағдарлама аясында сахнада қазақстандық ди-джеейлер «Күй mix фестивалі өтеді. Сондай-ақ қарағандылықтардың мерекелік көңіл күйін Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік әртістері мен Mosaic live band тобы көтереді.