100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Ел құрамасы құрамында қарағандылықтар студенттер арасындағы футзал бойынша əлем чемпионатында екінші орын иеленді

Қарағандылық спортшылар Қазақстан құрамасы құрамында өнер көрсетіп, студенттер арасындағы футзал бойынша əлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Жарыс 19-26 тамыз Алматыда өтті.
Дүбірлі додаға 17 елдің құрамасы қатысты- 16 ерлер жəне тоғыз әйелдер командасы. Қазақстан құрамасындағы 14 футболшының бесеуі қарағандылық: ҚЭУ студенттері Арнольд Кнауб, Владислав Черномордов, Асылжан Алин, Ақеділ Мадияров, Шынғыс Барашев жəне КарМУ студенті Ақжол Дəрібай. Олардың барлығы «Тұлпар" шағын футбол клубының құрамында ойнайды.
Біздің құрама салған 18 голдың 12-ін қарағандылықтар соққан.
Біз қазақстандықтар футзалда шебер ойнай алатынын көрсеткіміз келді. Шындығын айтсақ, бізге қарсыластар да, ұйымдастырушылар да сенбеді. Барлығы бізді топтан шыға алмайды деп ойлады. Бірақ командаға рухы мен намысы мықты жастар жиналды жəне бұл бізге көмектесті. Біздің ойынымызды көргісі келетін жанкүйерлер ойыннан-ойынға көбейіп, финалда «Алматы-Арена" лық толды. 15 000 адам бізге қолдау танытуға жиналды. Бұл мықты демеу болды, - дейді турнирдің үздік бамбордирі атанған ҚЭУ студенті Ақеділ Мадияров.
Қазақстандықтар Чехия жəне Жаңа Зеландия командаларын жеңді. В тобында қарсылас Белорус командасы болды. Олармен біздің спортшылар тең ойнады. Одан кейін аргентиналықтармен кездесіп, 6:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда Португалияның командасы 3:2 есебімен жеңіліп қалды. Біздің құрама финалда ресейліктерден 2:4 есебімен есе жіберді.
Дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов спортшыларды құттықтап, ҚАРМУ жəне КЭУ ректорларына студенттер арасында спортты қолдағандары үшін Алғыс хат табыстады. Бұдан бөлек ол Қарағандыда футзалдың дамуына барынша күш жұмсайтынын айтты.


 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.