Новости области
Қарағандыда жаңа балалар және жасөспірімдер сарайы мен киноконцерттік зал салынады

Бүгін қоғамдық кеңес отырысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың алдында Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында орналасатын жаңа орталықтың құрылысы талқыланды.
Жақын арада ол жерде Балалар және жасөспірімдер сарайы пайда болады. Жаңа нысан Приканальная және Бөкетов көшелерінің қиылысында салынады. Жоспар бойынша жаңа ғимаратта Қарағандыдағы жалғыз 50 метрлік бассейн болады. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелерінің өтініші бойынша гимнастика мен батутта секіруге арналған төбесі биік спорт залдар орналасады. Сондай-ақ жаңа балалар және жасөспірімдер сарайында шығармашылық ұжымдар, би және вокал ансамбльдері жаттығатын орындар қарастырылады. Ғимараттың жобасы құрылып қойған.
Ал киноконцерттік залдың құрылысына келер болсақ, бұл нысан әзірге тек жоспарда ғана. Оның орналасатын жерін 2012 жылы анықтап қойған. Алайда қазір ол жер жарамсыз деп табылды. Бұл аумақта тұрғын үйлер салынған, сондықтан ол ғимарат үйлеспейді деп шешті мамандар. Жаңа нысанның құрылысына арналған жерді «Панель-центр» тұрғын үй кешенінің маңындағы Волочаевская және Бөкетов көшелерінің қиылысынан бөлу қарастырылып жатыр. Белгілі болғандай, жаңа киноконцерттік зал 1250 көрермен қабылдай алатын болады, жәнеде соңғы заманғы барлық талаптарға сай келеді.
Алайда, Ерлан Қошанов қаламызға жаңа киноконцерттік зал қажет пе, жоқ па, ол шешімді қоғамдық кеңестің талқылауына қалдырды.