Жаңалықтар
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
Бүгінгі таңда жастар кәсіпкерлігі еліміздің шағын кәсіпкерлігінің маңызды саласы болып табылады. Жастарды ынталандыру мақсатында жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде әр-түрлі бағдарламалар енгізіліп, қолайлы жағдайлар жасалып жатыр.
Статистика комитетінде - кәсіпкерлердің жас айырмашылығына байланысты есеп жүргізілмегендіктен, жас кәсіпкерлердің экономикаға салған еңбектерімен, қызмет түрі және саны бойынша нақты мәліметтер жоқ.
Ауданның ауылдық округтерінің мәліметі бойынша 2018 жылдың І тоқсанында аудан бойынша кәсіпкерлік қызметін жүргізетін 75 жас кәсіпкер бар, оның 67-жеке кәсіпкерлер болса, 8-і шаруа қожалықтарының басшылары.
Өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда аталмыш көрсеткіш 44,2% (23 адамға) жоғарылаған.
Ауылдық округтер арасында көрсететін болсақ:
1 Ботақара кенті – 13 ЖК;
2 Ростовка ауылдық округінде - 11 ЖК;
3 Баймырза а.о. – 8 ЖК;
4 Жаңаталап ауылында – 6 ЖК;
5 Көкпекті а.о. – 4 кәсіпкер (2-ЖК, 2-ШҚ).
Бірде-бір кәсіпкерлері жоқ 7 ауылдық оруг бар:
2017 жылы «Бизнес советник» оқуын 2 адам оқыса, 2018 жылдың І тоқсанында 5 адам оқыған.
«Бастау Бизнес» курстық оқуын өткен жылы 34 жас кәсіпкер оқыған, биыл оқу курсы әлі басталған жоқ.«2017-20121 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша 2017 жылы 17 жас кәсіпкер 91 млн.теңгеге несие алып, істерін бастады Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама бойынша 3 адам ғана өтініш берген (Кәсіпкерлер палатасына).
«Бизнестің жол Картасы 2020» бағдарламасының бағыттарына (субсидиялау, грантты қаржыландыру) ауданымыздың жас кәсіпкерлері мүлдем жүгінбеген.
Былтырғы жылы ауданымыздың 2 жас кәсіпкері Қарағанды облысы әкімінің грантын алды (Моцный С.- Кокпекті, Канышев А. – Ботақара к.), 350 мыңнан 700 мың.теңге.
Аудан әкімінің грантын, яғни жалпы соммасы 1 млн.теңгені, ауданымыздың 5 кәсіпкері иеленді.
Мәлімет үшін: Акпанов А.Р. 150 000, Жаржанов А.Х. 250 000, Канышев А. 150 000, Макишев Ж. 200 000, Шанин С.Е. 250 000 барлығы 1 000 000
Комментарии (0):
Комменатриев нет.