home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Мұражай әлеміне саяхат

 

Әр елдің өткенінің бөлшегін сақтап, ертеңге жеткізетін, болашақ ұрпақпен сабақтастыратын көне жәдігерлердің көмбесі – мұражай. Ежелден бері әлемнің түрлі елдерінде ашылған мұражайлар мәдениет ошақтары ретінде қалыптасып, көненің көзіндей жәдігерлерді халық назарына ұсынған.
Ауданымыздың да атаулы мәдени ошағы - Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану мұражайының халыққа қызмет көрсетіп келе жатқанына 13-желтоқсанда он жылдың жүзі болыпты. Бастапқыда мұражай ауданның тарихи-өлкетану мұрасын, материалды және рухани мәдениетін сақтауға, есепке алуға, халық шығармашылығын дамыту және жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 2001 жылы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ашылса, араға екі жыл салып, 2003 жылы бұрынғы мешіт ғимаратында Бұқар жырау аудандық әдеби-өлкетану мұражайы болып, салтанатты түрде ашылды. 
Бүгінде ауданымыздың мәдени мұраларын сақтап, тарихи тұлғалардың ғұмырынан сыр шерткен мұражай өз тарихымен жас буынды таныстыру үшін «Мұражай әлеміне саяхат» атты  танымдық ойынын өткізді. Ойынды бастамас бұрын мұражай қызметкері, экскурсия жетекшісі Айымгүл Мамалинова барлық қонақтарды мұражайдың экспонаттарымен таныстырып, ақпарат беріп өтті. №1 қазақ орта мектебінің 9«ә»  сыныбының оқушылары берілген ақпараттарды, аудан тарихы мен оның мақтан етер тұлғалары туралы мәліметтерді барынша есте сақтап қалуға тырысқандары жүздерінен-ақ білініп тұрды.
Айымгүлмен бірге ойын-сайысты жүргізген аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Самал Әбікеева оқушыларды «Тарихшылар» және «Өлкетанушылар» деген екі топқа топтастырып, ойын көрігін қыздырып жіберді. Танымдық ойынның І-кезеңінде тарихи тұлғалар өмірінен сұрақтар қойылса, ІІ-кезеңде мұражайға қойылған тарихи тұрмыстық коллекциялардан мозаика құрап, ІІІ-кезеңде Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған мұражай экспозициялары туралы қойылған сұрақтарға жауап берді. Ойынның қорытынды кезеңінің тапсырмасы «Нарбота мен Цеценқыздың» аңызы бойынша көрініс көрсету болды. Аңыз желісіне құрылған көріністі екі топ актерлық шеберліктерінің арқасында өте қызықты етіп көрсете білді. Әділқазылар алқасы №1 қазақ орта мектебінің химия пәнінің ұстазы Марал Жуантаева мен Бұқар жырау ауданының жастармен жұмыс жасау орталығының маманы Әсем Ахметова екеуі ақылдаса келе, жеңісті «Тарихшылар» тобына беріп, топтар алғыс хаттармен марапатталды.
Аудан тарихын насихаттаған мұражай өзінің он жылдық мерекесін жас буын өкілдерімен осылай атап өтті. Ертеңгі күні тарих шежіресін тарқататын, оны келесі буынға жалғастыратын қазіргі оқушылармен жасалған жұмыс болашаққа қосылған өлшеусіз үлес екені сөзсіз.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»