home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Рухани байлық ошағы – мәдениет

Бүгінде елімізде мемлекеттік басқару жүйесін және мемлекеттік қызметті жетілдіріп, тиімді тәсілдерін қалыптастыру қолға алынып отыр. Тәуелсіз елдің өзіндік мамандары болуға тиісті.
Ұлы кемеңгер Абай: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де – ақымақтық» – деген екен.
Қоғамымызда адам баласының бір парасы тіршіліктегі бар ғұмырын халыққа, мәдени саласына, мемлекеттік қызметке адал қызмет етуге сарп етіп, сол еңбегі бағаланып жатса да, мастанбай, «менің әлі де халқыма берерім көп» деп, адамгершіліктің ақ туын жықпай, сол мақсатының жолында баянды еңбек етіп жүрген Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, «Мәдениет қайраткері» Мүгүлсім Ғұбайдоллақызы Шибаева. Кісілігі мен кішілігі, мейірімі мен жан жылуы мол Мүгүлсім апамызды мәдени ортада жүрген шәкірттері ерекше құрметтейді. Енді кейіпкерге сөз берелік: «Отансүйгіштік – мемлекеттік қызметшінің ең негізгі принциптерінің бірі болуға тиіс. Керек десеңіз, мемлекеттік тілді білу мәселесі де осы ретте туындайды. Елбасы саясаткерлер мен мемлекеттік қызметшілердің бойында мынадай мінез – құлықтар тәрбиелеу керек деген түйін жасаған: Бірінші – өзіне берілген билікті меңгере білу. Қазақша айтқанда: «Ұлық болсаң, кішік бол». Екінші – қара басының қамын емес, өзің қызмет етіп отырған қоғамның игілігі туралы ойлай білу керек. Үшінші – басшы нендей қаржыға өмір сүріп жатырсың деген сауалдан қаймықпай, яғни, менің виллам мен саяжайымның суреттерін жариялайды-ау деп қорғалақтамай өмір сүру керек. Төртінші – халық сенімін жоғалтпайтындай тұрғыда басқару. Бесінші – қызметке істі кәсіби біліктілікпен жүргізе алатындай тарту. Мемлекеттік қызмет бұл мемлекеттің мүддесі».
Осы сөздерден апамыздың төңірегіне шапағат нұрын төгіп, маңайындағыларға қамқор қолын ұсынып, халқына жақсылық жасап жүрген жан екенін аңғаруға болады. Мүгүлсім апамыз 1975 жылы Қарағанды мәдени – ағарту училищесін, 1984 жылы Шымкент қаласындағы Әл - Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институтын бітірген. 1971-1973 жылдары Ульянов (Бұқар жырау) аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы болып еңбек жолын бастайды. 1975-1976 жылдары аудандық кітапхананың әдіскері, кейін аға әдіскер, 1980-1982 жылдары Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, 1985 жылдан аудандық мәдениет бөлімінің еңбек жолдары жүреді. М.Шибаева ауданның мәдени өмірін жандандырып, еліне ерен үлес қосып жүрген айтулы азаматша. Оның шалқар шабытының арқасында «Шырқа көп үнді тіліміз» фестивалі, «Ауыл кеші көңілді» селолық округтері көркемөнерпаздарының дәстүрлі байқауы, аудан өнерпаздарының шығармашылық кештері, «Әнді сүйсең, менше сүй» халық әндерінің байқауы өмірге келіп, талай таланттар көзін ашып, өнерге қанат қақтырып жүрген рухани ұлар, білікті басшы. «Мемлекеттік тіл – мерейім» бағытында түрлі шаралар ұйымдастырып, қазақ тілінің көркеюіне ат салысып жүрген тіл жанашыры. Мемлекеттік қызмет – ұлылық міндет – демекші Мүгүлсім апамыз Бұқар жырау аудандық аймағындағы мәдениет мекемелері мен мәдениет қызметкерлері, халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар үйірмелері жайлы былайша әңгімелеп өтті.
«Иә, бір кездегі мәдениет саласындағы қиындықтарды артқа тастап, бүгінгі күні көптеген жақсы өзгерістер мен нәтижелерге қол жеткіздік. Қиыншылық кездері жабылған клуб, кітапханалар ашылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандар саны жылдан – жылға көбеюде, мәдени ошақтардың материалдық базасы да жаңаруда. Осыдан 5-ақ жыл бұрын кітапханалар үшін компьютер, интернет тек қана арман болса, бүгінгі күні 38 кітапхананың барлығында компьютер бар, оның 11-де бір емес, екі-үштен де бар және 19 кітапханада интернет қосылған. Сондай-ақ біздің мақтан ететін облыс мәдениетінің басшысы Р.К.Омарбекованың көмегімен біздің ауданда  ең алғашқы рет төрт моделді кітапхана ашылып,  23 клубтың 18-не 19 дыбыс аппаратурасын және ауданға 2 бейнемобиль көлігінің берілгенін ризашылықпен айтуымызға болады. Әрине, бұндай жақсы өзгерістер мәдениет ошақтарының, оның қызметкерлерінің өз ісіне деген жауапкершілігін арттыруда. Ауыр күндері де мойымай еңбек еткен мәдениет қызметкерлері үшін
жағдай жасалған кезде одан да жақсы қызмет ету – үлкен міндет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен түйіндесек: «Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың , арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік – жігері бар адамдардың уақыты» Мәдениет қызметкерлерін мақтанышпен атап өтсем, мәдениет үйінің директоры, «Ең үздік ауылдың мәдени қызметкері» атты номинация сыйлығының иегері Р.Жұманова, ОКЖ директоры «Мәдениет қайраткері», «Ең үздік кітапханашы» атты номинация сыйлығының иегері А.Тақыроваларды айтуға әбден лайықта. Сондай-ақ, аудандық тарихи - өлкетану музейі директорының міндетін атқарушы О.Нәбиева, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Б.Рақымова. Бұқар жырау ауданының 70 жылдығына арналған өмірбаяндық анықтамалық «Аудан ардақтылары» кітабын шығарған жұмыс тобының мүшелері М.Асқарова, Б.Жекенова, Г.Түспековалар, фотосуреттерді дайындағандар А.Абдулкадырова мен О.Набиеваларға қашанда ризашылығымыз зор. Көркемөнерпаздар үйірмесін айтып өтсем,  Доскей ауылының халықтық ұлт – аспаптар оркестрі, жетекшісі Қ.Оспанов. Ғ.Мұстафин атындағы кенттік «Эдельвейс» үлгілі бишілер ансамблі, жетекшісі Н.Боцман, Шешенқара мәдениет үйінің белсендісі Ж.Борашева сынды өнерпаздарды мақтаныш тұтамын. Мүгүлсім апамыз мәдениетке қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, сондай-ақ, көптеген грамоталармен марапатталған.
«Кітапхана қызметі – ауылдың өмірінде. Заман талабына сай жабдықталған жаңа модельді кітапханалар: 2004 жыл – аудандық орталық, Үштөбе, Самарқанд, Шешенқара;  2006 жыл – Новоузенка, Доскей;  2007 жыл – Кокпекті, Ботақара, Тоғызқұдық, Керней;  2008 жыл – Ақөре, Гагарин, Ростовка, Үміткер, Березняки, Петровка, Жаңаталап, Баймырза;  2009 жыл – Қушоқы. Аудан тұрғындарына бүгінгі күні 38 мемлекеттік кітапханалар, оның ішінде: 1 аудандық орталық, 1 аудандық балалар, 3 кенттік, 2 модельді кітапхана – клубы, 19 модельді селолық кітапханалар халыққа қызмет көрсетуде»  – деп  аудан көлеміндегі мәдениет жағдайы жайлы Мүгүлсім апамыз толығымен айтып өтті. Мәдениет саласының даңғыл жолына, қарапайым да салмақты мінезімен, соңынан ерген өнерпаздарына құштарлығы мен тынымсыз талпынысымен аудан көлеміне танымал Мүгүлсім апамыздың еңбегі қашанда бағалы деп білеміз.
А.Қабирахманова 

 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»