home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға Бұқар жырау ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама (24.06.2016г.)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-3 санаты үшiн:       Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;     
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
   -«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде  2015 жылы 30 желтоқсандағы №12639 болып тіркелген.
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

Е-3

102436

138247

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: bjr­[email protected]) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MM персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы (1 бірлік, №  8-1,  Е-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты кешенді жұмыстың орындалуы. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. Мемлекеттік органдарда әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын өңдеу, оларды бекіту және уәкілетті органмен келісілуін қамтамасыз ету.  Лауазымдық нұсқаулықтарды өңдеу және келісу. Бірыңғай конкурстық комиссияның, бірыңғай тәртіптік комиссияның қызметін үйлестіреді. Кадр жағдайының сараптамасын жүзеге асыру. Кадр бойынша статистикалық есепті, сан бойынша тоқсандық есепті жасау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және басқа да  марапаттарымен байланысты жұмыстың орындалуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі– «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «персоналды басқару» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.
2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MM құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (1 бірлік,  №  9-1, Е-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған орган құжаттарының, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуының мерзімін бақылауды,  облыс әкімінің аппаратына және басқа да жоғары тұрған органдарға ақпараттыуақытында ұсынудыжүзеге асырады; аудан әкімінің аппаратында, ауданның мемлекеттік мекемелерінде, кенттер және ауылдық округтар әкімдері аппараттарында электрондық құжат айналымы жүйесінің жұмысын және енгізуді қамтамасыз етеді; азаматтардың өтініштерімен жұмыс бойынша статистикалық есепті дайындады, аудан әкімімен азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі– «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (мемлекеттік және жергілікті басқару); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.
3. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MM ұйымдастыру жұмыс бөлімінің басшысы (1 бірлік, №  10-1,  Е-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Әкімдіктің, аудан әкімі аппаратының жұмысын жоспарлаумен айналысады; жиналыстардың, әкімдік отырыстарының және аудан әкімі жанындағы басқа да іс-шаралардың  өтуі және дайындығы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Облыс әкімі аппаратына бөлімнің құзыретіне кіретін материалдар, шешімдердің жобаларын, аудан әкімінің өкімдерін және басқа да қызметтік құжаттарды дайындайды; тексерістерді ұйымдастырады, ұйымдастыру жұмысы мәселелері бойынша кенттер және ауылдық округтар әкімдері аппараттарының қызметін үйлестіреді және бақылайды; Қазақстан Республикасында сайлаудың өтуі және дайындығы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Кенттер және ауылдық округтар әкімдері аппараттарының қызметкерлеріне тәжірибелік, әдістемелік көмек көрсетеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі– «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішіндеұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»