home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

 Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-3 санаты үшін:  Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; немесе жоғары  және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
E-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

  •  «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтардағы №10080 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

Е-3

78 798

106 345

Е-R-4

56 376

76 235

Е-G-3

53 813

72 391

Е-G-4

48 047

 64 704

  
«Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400,  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны: 8(72154) 22171, электрондық пошта: [email protected]) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қорғау және ТЖ бойынша аудан әкімінің бас инспекторы (1 бірлік, №11-1, Е-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің аппараты өткізетін іс-шаралардың дайындығына және өтуіне қатысады, қызметтік құжаттарды дайындайды; бейбіт және соғыс уақытына азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;  қауіп жағдайында және төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындарды оқытуға бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; азаматтық қорғаныс мүлкінің  әзірлігін қолдау және жинау, сақтау, жаңарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды және көлемін анықтайды, тасқын кезеңінің өтуі бойынша жұмысты ұйымдастырады,  қауіп жағдайында және төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл шешім қабылдайды және аудан аумағындағы жағдайға тұрақты жедел бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастырады, жұмылдыру  дайындығы бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ терроризмге қарсы комиссияның сұрақтары бойынша аудан әкімінің бас инспекторы (1 бірлік, №11-2, Е-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Терроризм салдарын тарату және алдын алу бойынша іс-шаралардың өтуін,  терроризмнің және экстремизмнің алдын алу саласында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді, нысандардың қорғалуын, терроризм және экстремизм салдарын тарату және барынша азайтуды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындайды, осы шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, терроризмге қарсы бағдарламалар қызметін және жоспарлар жобаларын әзірлейді, терроризмге қарсы комиссия отырысының өтуін және дайындығын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – техникалық, заңгерлік немесе әскери мамандықтары бойынша, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы»  Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы (1 бірлік, №12-1, Е-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы актілерінің мемлекеттік тіркелуін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мұрағаттық анықтамалар және қайталама куәліктер беруді қамтамасыз етеді, азаматтық хал актілерін жазуларға түзетулер және толықтырулар, өзгертулер енгізеді, азаматтық хал актілері жазуларының күшін жою  және қалпына келтіру, туу туралы куәлік беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №2-2, Е-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Аудандық атқарушы орган шешімдерінің жобаларын дайындау, жер сауда-саттығын өткізуді ұйымдастыру (аукциондар, конкурстар), сатып алу-сату келісімдерін және жер учаскесін жалға алу келісімдерін тіркеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жерге орналастыру және жер кадастры мамандығы бойынша, агрономия мамандығы бойынша ауылшаруашылық, заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.  
5.   Самарқанд а/о (1 бірлік, №4-19, Е-G-3 санаты) әкімі аппаратының  бас маманы.
Функционалдық міндеттері: Халықты әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе гуманитарлық немесе экономикалық немесе педагогикалық, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, саясаттану мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,   «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
6. Новоузенка а/о  әкімі аппаратының жетекші маманы (1 бірлік, №10-9, Е-G-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады,  салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, олардың түсуі бойынша анықтамалық ақпаратты дайындайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді, ұйымдастырады, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп,  абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазалау бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық, заңгерлік, техникалық немесе педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;  құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Тәттімбет атындағы оркестр 26 қыркүйек күні жаңа концерттік маусымын ашады 13 Қыркүйек 12:19
Қарағанды облысында бизнес скринингі өткізілуде 13 Қыркүйек 11:50
Балқаш қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды 13 Қыркүйек 10:57
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»