home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бұқар жырау ауданының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы кезеңге міндеттері туралы

Құрметті жерлестер !
    Еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуының мақсаттары мен міндеттері,  Мемлекет басшысының   Қазақстан халқына жолдаған  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында нақты негізделді.
     2016 жылға арналған іс-қимылдар Жоспарын қабылдай отырып,   шағын кәсіпкерлік пен  өмірді қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуды біз,  негізгі басымдылықтар ретінде  анықтадық.
Елбасы Жолдауында ел экономикасын жаңарту мен модернизациялауда, дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеуде ауқымды міндеттер енгізілген.   
Әлемдік дағдарыс және саяси тұрақсыздық жағдайларында біздің еліміз,  әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену бойынша, алға қойылған мақсатқа  сенімді қадам басуда.
Президент айтқандай, жаһандық дағдарыс – «бұл жаңа мүмкіндіктер», бастысы оларды пайдалана білу.
Мемлекет басшысы болашаққа арналған стратегиялық міндеттерді анық және нақты айқындап берді.   Оларды шешу жалпы мемлекет үшін сияқты, біздің аудан үшін де бірінші кезектегі  міндет. 
Қазіргі кезде Президент бастамасындағы экономикалық саясатты жүзеге асыру, жаңа индустриализациядағы мемлекеттік бағдарламалар және басқа да дағдарысқа қарсы шаралар, аудан экономикасында оң нәтижелерге қол жетуге мүмкіндік берді.
2015 жылы жергілікті атқарушы органдардың жұмысы, Мемлекет басшысымен қойылған міндеттердің, «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларының  жүзеге асырылуына және мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларының жүзеге асырылуына бағытталды.
Есептік кездесулерде берілген ұсыныстар мен мәселелердің орындалуына басты назар аударылды.
Жыл айтарлықтай тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдаймен аяқталып, белсенді нәтижелі жұмыспен сипатталады, бұл аудан экономикасының тұрақты дамуына мүмкіндік берді.
2015 жылы елде маңызды оқиғалар аталып өтілді, олардың маңыздылығы бойынша бастылары, Қазақ хандығының 550- жылдығын, Конституцияның қабылданғанына  және Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуына  20 –жылдығын , жеңістің 70-жылдығын мерекелеу. Бұл мерейтойларды мерекелеу,  біздің ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуының жетістіктерін көрсетуге жақсы жағдай туғызды.
Қазіргі кезде Президент бастамасындағы экономикалық саясатты жүзеге асыру, жаңа индустриализациядағы мемлекеттік бағдарламалар және басқа да дағдарысқа қарсы шаралар, аудан экономикасында оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Аудан экономикасы дамуын сипаттайтын, негізгі салалар өнім өндірісінің көлемі жалпы 2015 жылы  94 млрд.987 млн.теңге құрады бұл  2014 жылдың деңгейінен 14,6% артық. 
Бұл көрсеткішті қалыптастыруда негізгі құраушылар өнеркәсіптік өндіріс, ауыл шаруашылығы, сауда және құрылыс.
Өнеркәсіп
Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын, мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланумен  жүзеге асыру нәтижесінде, өнеркәсіптің негізгі салаларында дамудың оң динамикасы байқалады, онда 34 млрд.849 млн.теңге көлемінде  4,7% өсіммен жеке индекс көлемі 136,7 % өнім өндірілді.
Ауданда өңдеу өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары «Максам Казахстан» жауапкершілікі шектеулі серіктестігі, «Қарағанды нан компаниясы» және «Ак-нура ХПП» болып табылады.
Өңдеу саласында өндіріс көлемі 27 млрд.850 млн теңгені құрады, 5,8 % өсумен, жеке көлем индексі 171,6% құрады. Шұжық және еттен жасалған өнімдер өндірісі 19,7%, химиялық өнеркәсіп өнімдері 37,8 %  артты.

Аудандағы тау-кен өндірісі   «Қушоқы көмір кенші» ЖШС, «Кузнецки кенші» ЖШС,  «ТКК Sat Komir» АҚ, «Импульс» ЖШС кәсіпорындарымен  көрсетіледі.

Тау-кен өндірісі саласында, өндіріс көлемі 6 млрд. 733 млн.теңгені құрады, жеке көлем индексі 115,2%, бұл Қушоқы көмір кеншіндегі көмір өндіру есебінен қамтылған. 2015 ж 802,8 мың.тонна көмір өндірілген, бұл былтырғы жыл көлемдерінен 32,2% артық. (2014 ж- 607,4 мың.тонна).
Жеке көлем индексінің орындалуы, ауданның ірі және орта кәсіпорындарының өндірісінің өнімділігімен түсіндіріледі, бұлармен 10 млрд. 538 млн.тенге сомасына өндіріс өндірілді, ЖФК -163,9%, сондай ақ индустриализациялау Картасы жобаларының есебінен, олармен жыл басынан, өнеркәсіптің жалпы көлемінен 6 млрд.813млн.теңге немесе 19,6% өнім өндірілді.
Экономика дамуының негізгі бағыттарының бірі индустралды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Аймақтық индустриализациялау Картасына 2010 жылдан 2015 жылдарға дейінгі  кезеңдеріне 851 жұмыс орнын құрумен, жалпы құны 11 млрд 501 млн.теңге 10 жобалар енгізілді, олардан 739 жұмыс орындарын құрумен, жалпы 8 млрд 634 млн.теңге сомасына 8 жобалар іске қосылды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Үштөбе ауылдық округінің аумағында жоба іске қосылды «Таурлық жұмыртқа өндірісі үшін құс фабрикасының қайта жаңартылуының екінші кезеңі «Қарағанды құс» ЖШС, 10 қосымша жұмыс орнын құрумен жоба құны 423млн теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 120 млн.дана жұмыртқа. 2015ж кәсіпорынмен 1 млрд.591 млн.теңге сомасына 132,7 млн.дана жұмыртқа өндірілді, жоспар 110,6% орындалды. 2015ж қорытындылары бойынша индустриализациялау Картасының барлық жобалары жоспарлық қуаттылыққа шықты.
2015ж бастап индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың екінші бесжылдығы басталды, индустриализациялау аймақтық Картасына «Волынский» АӨК ЖШС- «биоқалдықтарды өңдеу өндірісі бойынша ұйым»  жобасы енгізілді. 11 жұмыс орнын құрумен жоба құны -267 млн.теңге. Берілген жобаны іске асыру кезеңі 2014-2016жж, іске асыру 2016 ж І тоқсанында жоспарланады. Жобаның  «Жасыл экономика» ілгерлеуі шеңберінде жүзеге асырылуын айта кету қажет.
Индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы шеңберінде 2019 ж дейін 2000 жұмыс орындарын құрумен, екі  872,6 млрд.теңге жобаларын іске қосу жоспарланады.
Кешенді ертінділер өндірісі бойынша «КЗКС» ЖШС зауыты салынады, құны 73 млрд.теңге 1000 жұмыс орындарын құрумен.
«Цинхуа» қытай компаниясымен бірлесіп, «Қарағанды СиСиАй» ЖШС көмір өндіру және өңдеу кешенінің құрылысы басталады. Жоба құны 799,6 млрд.теңге, құрылыс кезеңінде 2000 жұмыс орындарын құрумен, пайдалану кезеңінде – 1000 жұмыс орындарына дейін құрумен.
Индустриализациялау Картасының  шеңберінде жобаларды жүзеге асыру өндіріс көлемінің өсуіне, салық түсімдерінің көлемін артуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Өткізілген сатып алулар талдауы бойынша қазақстандық мазмұн үлесі 94,7% 4 млрд.774,7 млн.теңге сомасын  құрады.
Ауыл шаруашылығы
Агроөнеркәсіптік  кешені дамуының деңгейі бойынша аудан облыс бойынша  көшбасында келеді. Мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланудың, ауылды дамыту және  қайта құру салалық бағдарламаларының прогресті технологияларды енгізудің арқасында, 2015 ж ауыл шаруашылығы негізгі өнімдерінің тұрақты өндірісі қамтамасыз етілді.
      2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісі шамамен 29 млрд.теңге  құрады, бұл 2014 жылдың деңгейіне 7% жоғары. Облыстағы (18 қалалар мен аудандар арасында) ауыл шаруашылығы өнімінің  жалпы өндірісіндегі аудан үлесі 18%-дан жоғары. 
       Өсімдік өсіру саласын диверсификациялау  шеңберінде, былтырғы жылмен салыстырғанда картоп егу алаңы 18 гектарға артты, майлы дақылдар 2 мың 787 гектарға.  Бидай өнімдері құрылымында, жем-шөп дақылдар үлесі өсті- арпа 14,8 мың.гектарға, сұлы 1,2 мың.гектарға.
Аудан бойынша өңдеуден кейінгі бидай дақылдарының орташа өнімділігі 8,6 ц/га, бидайды жалпы жинау- 98,1 мың.тонна, жалпы картоп жинау 61,4 мың.тонна, көкөністер 7,9 мың.тоннаны құрады.
Аудан бойынша көкөністердің орташа өнімділігі гектардан 236,2 центнерді құрады, көкөніс өнімдері бойынша аудандық орта өнімділіктен жоғары нәтижеге келесі шаруашылықтар қол жеткізді Молодецки ауылдық округтері («Макпал» ШҚ-330 ц/га, «Алекс» ШҚ-360, «Нур-Адил»-320), Қызылқайың а/о («Рахимберлинов» ШҚ-300 ц/га) және Баймырза ауылдық округі («Жана-Жулдыз» ШҚ-350 ц/га және «Березняки» ЖШС-330 ц/га).
Өсімдік өсіру өнімін өсіру қорларының бірі суүнемдегіш технологиясын енгізу- тамшылап суару. Ауданда тамшылап суару 498 гектар аумағында қолданылады («Аргын» ШҚ-346га, «Айхан» ШҚ-152 га), бұл 2014 жылмен салыстырғанда 66 % артық, немесе 198 га. (2014 ж-300 га)
Ылғалресурссақтайтын технология 86 мың.га аумағында енгізілген немесе 72,8% бидай дақылдарының  жалпы егіс көлемінен.
Жалпы мал басының өсі мен жем-шөп кешенінің орнын толтыру мақсатында, аудан шаруашылықтарымен, 6 мың.гектар аумақта көп жылдық шөптердің, 1,5 мың.гектар аумақта бір жылдық шөптердің егілуі жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы нысандарының машина-тракторлық паркі биылғы жылы  39 шаруашылықта жаңа 52 техника бірлігіне жаңартылды.
Заманауый техниканы алу шаруашылықтар жұмысының тиімділігін жақсартады, өнімділіктің артуына және өнімді жинауда шығыстардың азаюуына септігін тигізеді.
Ауыл шаруашылығындағы болашақты маңызды  сала ретінде мал шаруашылығына басты назар аударылады,  ауданның ауыл шаруашылығы  жалпы өнімінің көлемінде мал шаруашылығы өнімінің үлесі 66,1% құрады. 2015 ж ет өндірісі 26,7 мың.тоннаны құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 6,0% өсті, осымен қатар шошқа мен құс өндірісінің үлесі ауданда 70,4% құрады.
Сүт өндірісі – 56,5 мың.тоннаға, ауыл кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарында өндірістің өсуі байқалады 46,6% және сәйкес 1,3%.
Аудан бойынша жұмыртқа өндірісі 354 млн.дана құрады, құс фабрикалары үлесіне -98 % келеді. Облыс көлемінде ауданның жеке салмағы 60% жетті.
2016 жылдың 1 қаңтарына мал мен құс бастары, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, барлық түрі бойынша артты. Оның ішінде ірі қара мал басы 0,9%-ға  және 56,1 мың.басты құрады, олардан сиырлар 1,1%-ға (28,7 мың.бас), қой мен ешкілер 05, %-ға немесе 74,1 мың.бас, жылқылар 1,6%-ға немесе 20,7 мың.бас, шошқалар 8,5%-ға немесе 55,3 мың. мал бастары және құстар 0,4%-ға немесе 2115,4 мың мал бастары.
Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Сыбаға», «Ырыс» және «Құлан» мемлекеттік бағдарламаларын сәтті пайдалануда, бұл ірі қара мал басын  862 басқа, жылқылар басын 246 басқа арттыруға мүмкіндік берді.
Ауданның мал өсірушілері өз өнімдерін экспортқа шығара бастады. Ресей Федерациясына 45,2 тонна сиыр еті шығарылды, сондай ақ «Возрождение ХХІ» ЖШС 66 тонна қаз еті сатылды,  2014 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. Аудан құс фабрикаларымен Қырғыз Республикасына 8 млн данадан астам тауық жұмыртқасы сатылды.
       Ауданда 12 шаруашылық «Қазақи ақ бас тұқымын» өсіру бойынша өндіруші болып саналады. 1 шаруашылық- «Аулекол» тұқымын және 2 шаруашылық –«Сименталь» тұқымын. 2015ж олар тұқымдық асылдандыру бағдарламасына қатысушы болып және 200 асыл тұқымды бұқаларды саудалады.
       Ірі қара мал бастары бойынша тұқымдық селекциялық жұмыста нақты нәтиежелерге «Марат», «Айнабұлақ», «Жалғас», «Шатан», «Дастан» шаруа қожалықтары жетті.  «Джабе» қазақша етті тұқым асылдандырылған жылқы малын өсіру бойынша, «Арслан» шаруа қожалығы  бірқалыпты өсуде.
    «Іра ақ» және «Дюрок» тұқымындағы доңыз бастарын өсірудегі  «АӨК Волынский» және «Медео ПКФ»  кәсіпорындарында тұқымдық селекциялық жұмыстар және өндірісті модернизациялау жұмыстары жалғасуда.
Ауданның «Қарағанды құс», «К.Маркс атындағы құс фабрикасы», «Майқұдық ҚФ» -да Хасики Braun, Loman Braun жұмыртқа тұқымдық құстары өсіріледі. «А-Алтын» және «Акнар ҚФ» ет өнімі бағытындағы құс фабрикаларында Ross Ross 308 тұқымды құстар  өсіріледі.
2015ж 790,6 млн.теңге сомасына 5 жоба жүзеге асырылды, 86 жұмыс орнын құрумен. 2016 жылы 5 млрд.271 млн.теңге сомасына 13 жобаны аяқтау жоспарланады. Олардың ішінде «Биогаз өндірісі энергияның балама көзін шығару үшін»- бұл инновациялық жоба, «Жасыл экономика» дамуына жататын («АӨК Волынский» ЖШС -323 млн.теңге) Дубовка ауылы, «Сүт-өнімдік фермасын» құру («Мақсат» ШҚ-22 млн.теңге) Қарқұдық ауылдық округі, «Үйрек етін өндіру» («Натур-Агро» ЖШС -170 млн.тенге)  Самарқанд ауылдық округі, «Жем-шөп алаңын құру» («Жаке» ШҚ- 840 млн.теңге) Үштөбе ауылдық округі,  «Қойлар өсіру бойынша тұқымды репродуктор құру» («Арғымақ» ШҚ – 60 млн.теңге) Суықсу ауылы.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қосымша жұмыс орындарын құруға, ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі  өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді, бидай өнімдері, ылғалресурссақтаушы  технологиясы бойынша  картоп пен көкөністер  өндірісінің артуына ауыл шаруашылығы техникасының жаңаруына, тамшылап суармалы жерлерінің жаңаруы мен жаңа өндірістердің құрылуына ықпалын тигізеді. 
Ветеринария
Ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты жұмыс жүргізілді. Малдардың қауіпті ауруларын жібермеу бойынша бекітілген ветеринарлық-алдын алу жоспары толық көлемде орындалды.
Малдың әр түрлерін 9 ауыру бойынша егу жүргізілді және малдың әр түрлері бойынша 21 ауру бойынша зерттеулер жүргізілді, жалпы 105 млн.757 мың.теңге сомасына.
      Сонымен қатар 2015ж  ауданда  қиын эпизоотиялық жағдай қалыптасқанын  айта кету қажет,  Ақтөбе, Красная Нива ауылдарында    жылқылардың эпизоотиялық лимфонгит ошағын және ірі қара мал бруцеллезін жою бойынша  карантиндік және шектеу шаралары жалғасты.
2015 жылдың қарашасында Ақтөбе ауылдық округіндегі кранатин алып тасталды, эпизоотиялық лимфонгит диагнозымен 122 бас-жылқы алынып, жойылды. 2015 жылы желтоқсанында Красная Нива ауылындағы шектеулер алынды және оң әсер берген ІҚМ бастары 125 санында өңдеу кәсіпорынына тапсырылды. Дубовка ауылдық округіндегі «Арслан» шаруа қожалығында ірі қара малдың туберкулезі ошағы пайда болды, оң әсер берген малдар саны- 24 союуға тапсырылды. 2015 жылды тамызында «Арслан» ШҚ шектеулер алынды. Үштөбе ауылдық округінің «Мереке» ШҚ –да ірі қара мал басының бруцеллезбен жаппай ауыруы. Берілген округтерде инфекция тарауын жою мен алдын-алу бойынша шектеу шаралары қойылды. Оң әсер беретін ІҚМ саны-348 бас өңдеу кәсіпорынына тапсырылды. Тұрғындарға келтірілген шығынның орнын толтыруға 22 568 000 теңге жұмсалды.
2015 жылы Ақбел ауылдық округіндегі мал қорымының аумағында пайдалануға инсинератор іске қосылды. Сондай ақ сібір язвасы бойынша станционарлы-жайсыз пункттер ошағының топографиялық карталарын әзірлеу және орналасудың нақты орындарын белгілеу бойынша жұмыс жүргізілді.
Ауданда 4 сою пункті мен 14 сою алаңдары қызмет етеді. Ауданның елді мекендерінде сою пункттерін ашу бойынша жұмыс жалғастырылады.
    Жер қатынастары
         Мемлекет Елбасының тапсырмасына сәйкес   жер қатынастары саласында   пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту  бойынша және жер учаскелерінің жеке тұрмыстық құрылыс үшін түгендеу  бойынша жұмыстар жалғасуда.
       2015жылы  аудан қорының жерлерінен айналымға 38 мың гектар ауылшаруашылығы тағайындылығындағы  жерлер тартылды, оның ішінде конкурстық негізді 23 мың.гектар берілді, олардан егістік 2,9 мың.гектар. Агроөнеркәсіп кешенінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 15 мың.гектар ұсынылды, олардан егістік 5,5 мың.гектар.
        Ауданда 50 мың.га  жыртуға-жарамды жерлер бар, бұлар иелеріне тіркелген және 30 мың.га жыртуға-жарамды қордағы жерлер бар.
Тиімді пайдаланылмайтын жер учаскелері бойынша материалдар, Қарағанды облысы бойынша жерлерді пайдалануды және қорғауды бақылау бойынша Басқармасына жолданды.
Тексеріс нәтижелері бойынша 3 жер пайдаланушыға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды және жер заңнамасын бұзу туралы ережелер берілді.
Сондай ақ ауыл шаруашылығы айналымына жыртуға-жарамды жерлерді (суармалы) және қордағы жерлерді тарту бойынша жоспарлар әзірленіп бекітілді.
Жатып қалған жерлерді тиімді пайдалану мақсатында, аудандық мәслихаттың жер және біріңғай жер салығын 10 есе арттыру туралы шешімі қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыс үнемі бақылауда ұсталады.
Жеке тұрмыстық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алған және белгіленген екі жыл мерзімінде игеруге кіріспеген азаматтарға байланысты наразылық жұмыстары жалғасуда.
Елбасы  ұлттық экономиканы жетелеуші күш -кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау мәселелеріне аса назар аударады.
Ауданда 2 мың. 508 шағын және орта бизнес субьектілері тіркеуге алынған, оларда  6мың 365 адам жұмыс істейді- ол экономикалық белсенді тұрғындардың  19% құрайды. Олармен шығарылған өнім көлемі 2,1% артты және 11 млрд.125 млн.теңгені құрады.
Ағымдағы жылы сауда және жалпы тамақтану саласында 4 нысан енгізілді, 15 млн.теңге инвестициялар көлемімен және 11 жұмыс орнын құрумен. 
Кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді тетігі мемлекет Елбасымен «Бизнес жол картасы-2020» және «Жұмыстылық жол картасы-2020» бағдарламаларын қолдау.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырудан бастап 5 млрд.теңге сомасына 41 жобалар қолданды. Оның ішінде 2015ж- 1 млрд 356 млн.теңге сомасына 15 жобалар. 
Қарағанды облысының «Даму» аймақтық қорының  «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша екі  күндік  курстарын 62 кәсіпкер өтті.
Бизнес –мектеп «Назарбаев Университет» АҚ кешенінде «шағын және орта бизнестің топ-менеджменті оқуы» жобасы бойынша 1 адам оқыды,
«Старшие синьиоры» жобасы бойынша Ботақара ауылының «С.Е. Шакиров ЖК» кәсіпорнына Нидерландыдан маман келді, үйрек фермасында үйрек етінің өндірісі бойынша тәжербие алмасу үшін.
Ауданда әрекеттегі және жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін кеңес қызметтерін 2014 ж ашылған Кәсіпкерлер палатасы филиалы мен «Даму» қоры береді.  2015ж қаржылық емес көмекті ұсыну бойынша, Кәсіпкерлерді қолдау орталығымен 273 клиентке  951 кеңес қызметтері көрсетілді.
Алдағы кезеңде «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында  шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмыс, қаржылық және кеңестік институттар бойынша жалғасады.
Бағдарламаның басты мақсаты-дағдарыс жағдайында ауданның кәсіпкерлік секторына дамуға көмектесу, тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын құру.
Тауарайналым
2014 жылмен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 18,2%-ға артты және 1млрд.953,6 млн.теңгені құрады. Жеке көлем индексі -96,6%.
Инфляциялық жағдайлар.
Жергілікті атқарушы органдармен әлеуметтік-маңыздылығы бар  тағам өнімдерінің бағасына үнемі бақылау жүргізіледі.  Дүкен иелерімен, тауарлардың жеке түрлеріне 10-15% аспайтын саудалық үстеме туралы 283 меморандум бекітілген. Қабылданған шараларға қарамастан, жалпы жағдай салдарынан, 2015 жылдың желтоқсанында 10 өнім түрлері бойынша баға өсімі болды.
Жеке кенттерде Қарағанды қаласының және аудан кәсіпкерлерімен, тұрғындарға төмендетілген баға бойынша көкөніс және азық-тұлік өнімдерін саудалау бойынша жәрмеңкелер өткізіледі.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 18 млрд.172 млн.теңгені құрады 57,3 %-ға өсіммен, жеке көлем индексі 153,1%.
Инвестициялардың жалпы көлемінен 24,3% өнеркәсіпке бағытталды. Олардан 14,3% - тау-кен өндірісіне және карьерлерді әзірлеуге, 10,5% ауыл шаруашылығына, 38,3 %- көлік пен текшелеуге, 18,5% - жылжымайтын мүлікпен операцияларға, 5,2%- білім беруге.
Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың өз қаражаттары 37,9% құрады, бюджеттік қаражаттары -56,9%, шетел инвестициялары -0,6%, қарыз қаражаттары -5,1%.
Ағымдағы жылы негізгі капиталға болжамды инвестициялар 15 млрд. 600 млн.теңгені құрайды.
Қаржылық көрсеткіштер
Жергілікті бюджетке салық түсімдерінің көлемі 1 млрд.702,6 млн.теңгеге жетті немесе былтырғы жылдың деңгейіне 114,2%.
Экономика өсімінің қорын пайдалану бойынша, салық салу базасын кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді. 117,9 млн.теңге сомасына қорлар анықталды, бұл жылдық жоспарға 103% құрайды (114,6 млн.теңге).
Құрылыс

Аудан аумағында есептік кезеңде 8 мың.472  ш.метр жоспарында 30 мың. 977  ш.метр тұрғын үй салынды, бұл 2014 жылдың деңгейінен артық, оның ішінде табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан, авариялық деп танылған тұрғын үйдің орнына салынған үй есебінен -19 мың.975 ш.м.
Тұрмыстық құрылысқа инвестициялар көлемі 3 млрд.14 млн.теңгені құрады, 2,8 есе өсіммен.
«Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасының аясында 16 пәтерлік жалдық тұрғын үй және 3 екі пәтерлік үйлер пайдалануға берілді. Ботақара кентінде  тұрғындар қаражаттарының есебінен 7 мың. 914 мың.ш.метр тұрғын үй немесе 69 пәтерлер салынды, бұл былтырғы жылдың кезеңіне 101,5% құрайды.
Есептік кезеңде 10 млрд.460 млн.теңге сомасына құрылыс жұмыстары орындалды немесе өткен жыл деңгейінен   3,4% артық. ЖКИ-100,8%.
ТҮКШ
Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық – ауданның елді мекендерін өмірмен қамтудың маңызды құрамдас бөлігі.
Кешендік жоспарға сәйкес жалпы 26 млн.900 мың.теңге сомасына энергияны үнемдеу бойынша шаралар жүргізілді.
Абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына 410 еңбек ұжымдары қатысты- бұл 11 адам. 100 гектар аумақта тазалау жүргізілді, 125 санкцияланбаған қоқыстар жойылды, 170 жарық нүктелері жөнделді, 201 фасад, 4650 метр қоршаулар, 7000 ш.метр жол қабаты жөнделді. Екі мыңдай ағаштар отырғызылды, 140 техника бірлігі жұмыс атқарды.
«Аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 31 млн.182 мың.тенге сомасына көшелерді жарықтандыруға 548 жарық нүктелері орнатылды.
Жылу маусымының тұрақты өтуіне барлық қажетті шаралар қабылданады. Локалды жылу көздерін, жылу, су құбыры, электр желілерін, тұрмыстық және әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жылу маусымының өтуінде Қушоқы кентіндегі 1 орталық қазандық және АСО 116 жұмыс атқарды.
Ауыл тұтынушыларын сапалы ауыз сумен қамту басымды міндеттердің бірі. 
«Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде екінші кезектегі су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша Петровка ауылында 329 млн.теңге сомасына жұмыстар аяқталды.
Өкінішке орай әлі ауданның барлық тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтылған жоқ.
Аудан бойынша сапалы ауыз сумен қамтылғандардың жалпы саны 55 мың.адамды немесе 86 % құрайды.
Аудандық маңыздағы автожолдардың жалпы қашықтығы 241,2 км құрайды, кіре беріс және ішкі кенттік жолдар 501 км.
Кенттер мен ауылдық округтерде автожолдардың қызметін қамтамасыз етуге 34 млн.900 мың.теңге бөлінді: 
- 31 млн.200 мың.теңге қысқы ұстауға;
- 3 млн.700 мың.теңге ағымдағы жөндеу мен ішкі кенттік жолдарды ұстауға.
«Аймақтардың дамуы» бағдарламасының аясында Ақжар ауылы жолының және көпірінің ағымдағы жөндеуі жүргізілді;
Аудандық маңыздағы автожолдардың ұсталуы мен ағымдағы жөнделуіне 22 млн.100 мың.теңге бөлінді, оның ішінде:
- 10,0 млн.теңге қысқы ұстауға;
- 11 млн.теңге ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге және көктемгі тасқыннан кейін жол жабынын қалпына келтіру бойынша жұмыстарға; Волховское а, Ботақара к, Керней а, Қарақұдық ауылдарында, «Ақөре-Қосшоқы-Белағаш», «Теміртау-Киевка- Қарағанды учаскелерінде.
- 1 млн.105 мың.теңге- Шешенқара ауылына баратын автожолындағы Нұра өзені арқылы өтетін  көпір жөндеуден өткізілді.
Облыстық маңыздағы автожолдарда орташа жөндеу жүргізілді, «Қарағанды-Ботақара-Ақбел-Үміткер» автожолында.
Облыстық маңыздағы автожолдардың ағымдағы жөнделуіне 106 288,0 мың.теңге бөлінді.
«Қарағанды-Тоғызқұдық-Ботақара» автожолындағы Нұра өзеніндегі көпірдің күрделі жөнделуіне ЖСҚ дайындауға ТЖ желісі бойынша 22 646,0 мың.теңге бөлінді. Қарағанды облысының ЖКжАЖ Басқармасымен «КарагандаКаздорпроект» ЖШС –мен шарт бекітілді.


Республикалық маңыздағы автожолдарда «Бастау-Ақтау-Теміртау» участкесінде күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде., «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында «Теміртау-Баймырза» және «Алматы-Екатеринбург» автожолдары участкелерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Казахавтодор» КМК филиалдарымен орман алқаптарын өрке қарсы жыртуда және жол шетіндегі шөптерді жұлу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Телекоммуникация
Аудан тұрғындарына байланыс қызметін көрсетуді Бұқар жырау ауданының АТТП 19 телефондық сандық станциялары жүзеге асырады, олардан 5  СDMA-450 базалық станциялары. Сымды телефон бойынша орнатылған сыйымдылық 15267 нөмірлер, жұмыс істейтіндері 12587 нөмірлер, с.і  СDMA орнатылған сыйымдылығы 5900 нөмірлер, жұмыс істейтіндері 4173.
100 тұрғынға телефондар тығыздығы 19,5 құрайды, барлық 68 елді мекен телефондандырылған.
Мегалайын қызметін пайдаланушылар саны 4328 құрайды, ID-TV-791 абоненттер.
Ботақара ауылы және Қушоқы кентінде кең жолақты желіге қызметін ұсыну үшін DSLAM жабдығы сыйымдылығын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілген. Көкпекті ауылында  ID-TV- сандық телефидениесі орнатылды, Қаражар, Петровка, Доскей және Березняки ауылдарында DSLAM жабдығы сыйымдылығын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді, Мегалайн қызметін пайдаланушылар үшін –«Ата-ана бақылауы» жаңа қызметтері енгізілді.
Біздің қызметіміздің басымды бағыттарының бірі болып азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сондай ақ әлеуметтік бағдарламаларды орындау  болып табылады.
Былтырғы жылы атқарушы органдардың жұмысы Президентпен белгіленген «Қазақстан -2050» даму Стратегиясында негізделген, басымдылықтарды жүзеге асыруға бағытталды.
«Жұмыстылық жол картасы-2020» Бағдарламасын жүзеге асыруға 647,4 млн.теңге бөлінді, бұл 2014 жылдың қаржыландыруынан 11,1% артық
«Жұмыстылық жол картасы-2020» Бағдарламасы аясында 3 жоспарлы нысандарда жұмыстар аяқталды, онда уақытша 160 жұмысқа орналастырылды; 122 млн.теңге жалпы сомасына 49 адам шағын несиелер алды; кәсіби даярлау және қайта даярлаудан 10 жұмыссыз өтті, барлығы жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адам бағытталды, жастар тәжербиесінен жоғары және орта оқу орындарының түлектері өтті.
       Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасына жергілікті бюджеттен 35 млн.800 мың.теңге бөлінді, мемлекеттік әлеуметтік қызметтер көрсетуге аудан бюджетінен 100 млн.теңге бөлінді. 10239 қажетсінетін азаматтар қамтылды.
       Тұрғындарды жұмысқа орналастыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Есептік кезеңде жұмыстылық Бағдарламасы  бойынша 1845 жұмыссыз немесе жоспарға  142%  жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 853 жұмыссыз бағытталды. Жұмыс нарығында қажет мамандықтар бойынша кәсіби оқытудан өтті 160 жұмыссыз, барлығы жұмысқа орналастырылды. Өз ісін ашуға 21 жұмыссыз материалдық көмек алды.
      Жастарды жұмыспен қамтуға аса назар аударылады, 2015 ж жұмысқа орналасуға өтініш берген жастар саны 1244 адамды құрады: жұмысқа тұрғызылды 1222 адам және 22 адам қоғамдық жұмыстарда істейді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда, бағдарлама аясында ауданға білікті жас мамандарды тарту және әлеуметтік қолдау шаралары қабылданады, олардың жемісті жұмысы үшін жағдайлар жасалады. 2015 ж 40 жас маман 5 млн.549,6 мың.теңге сомасына көтерме жәрдемақылар алды, 33 тұрғын үй алуға 123 млн.877 мың.теңге сомасына бюджеттік кредит алды.
       Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында жастар арасында жыл сайын аудан әкімінің гранттары бөлінеді, былтырғы жылы жалпы 800 мың.теңге сомасына 4 адам алды.
Білім беру
       Сапалы білім әрқашан  кез келген мемлекет дамуының негізі болған. Біз жыл сайын білімге қаражаттарды арттырамыз, жаңа мектептер саламыз, күрделі жөндеулер жүргіземіз.
       Баймырза ауылында 140 орындық бала бақша ашылды. «Жұмыстылық жол картасы» Бағдарламасы бойынша бала бақшаның қайта жаңартылуына бюджеттен 115 млн. 217 мың.теңге бөлінді. Сондай ақ ағымдағы жылы  Доскей ауылындағы «Ақбота» бала бақшасында 25 адамға 2 бөбекжай топтары ашылды, Құрама ауылында 18 орындық шағын-орталығы ашылды. Нәтижесінде қосымша 183 орын құрылды, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды артады.
      Жалпы аудан бойынша 41 шағын –орталық өз қызметін жүзеге асырады. Қазіргі кезде мектепке дейінгі біліммен қамту 97,5% құрады, 98% облыстық жоспарында.
      2015ж білім беру нысандарында ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу үшін 94 млн.717 тг шығындалды. Мектептерде компьютерлік парк кеңейтіліп жаңартылуда, бұл 1863 бірлік техникасын санайды, нәтижесінде 1 компьютерге 4 оқушыдан келеді. Кең жолақты интернетке 30 жалпы білім беру мектептері қосылды немесе 59% мектептердің жалпы санынан.
     Мектептерді жаңа модификация бөлмелерімен жарақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылы Ленин орта мектебінде н мультимедиялық кабинет ашылды, Ростовка орта мектебінде робот техникасының бөлмесі іске қосылды.

Педагогика саласы қызметкерлерінің сапалық құрамына ерекше баса назар аударылады. Ауданның жалпы білім беру мекемелерінде 1522 педагог қызмет етеді және олар қнемі қайта дярлау курсатрында білім алады. Сол себепті, оқыту сапасы да артады. Бұндай мақсаттарға былтырғы жылы республикалық бюджет есебінен  7 млн. 800 мың теңге бөлінді. 166 педагог білімін арттырып, сертификат алды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ботақара кентінде 464 орындақ жаңа қазақ мектебі ашылды. Жаңа мектепте шеберлік қолөнер, лингафон кабинеттері, кәсіби бағыттағы зертханалар, мамандандырылған химия, физика және биология кабинеттері т.б. бар. Аталмыш нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 903 млн. теңге бөлінді. 
Сондай-ақ, білім саласында оқушыларды әлеуметтік қолдау мәселесі де басты назарда. Бұл бағытта әлеуметтік тұрғыда тұрмысы төмен топтағы балаларды қолдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Тұрмысы аз қамтылған және қамқорлыққа алынған балалар ыстық тамақпен толық қамтылған.  Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 78 млн. 600 мың.теңге бөлінді.
370 бала қыстық киіммен қамтамасыз етілді.  4 800 оқушы мектепішілік лагерьдегі жазғы сауықтыру демалысымен, 260 бала қала сыртындағы сауықтырумен қамтылды.
Денсаулық сақтау.
Денсаулық сақтау саласында, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау және денсаулық көрсеткіштерін жақсарту, медициналық жәрдем беру сапасын арттыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
2015 жыл «Саламатты Қазақстан 2011-2015ж.ж.» денсаулықты сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасын орындаудың соңғы жылы болды.  Бағдарламадағы барлық мақсатты бағыттар орындалды. Жыл қорытындысы бойынша ауданда әлеуметтік маңызы бар сырқаттар саны азайды.
Жалпы және бала өлімі азайды (2014 жылы 5 болса, 2015 жылы 3  жағдайға дейін).
Ана өлімі фактісіне жол берілген жоқ. 25,4%-ға қатерлі ісік ауруларына шалдығу және кісі өлімі азайды.  Бұл ауруларды алдын ала анықтау мақсатында 2015 жылыөткізілетін 8 түрлі скринингке тағы үш түрі толықтырылды.   38 мыңнан астам халық қамтылып, 3 млн.  теңгеден аса қаражат жұмсалды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында  2015 жылы Көкпекті, Петровка, Баймырза және Үштөбе ауылдарында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды. Бұл жұмыстарға жалпы құны 485 млн. 738 мың теңге бөлінді. Аталмыш нысандар ағымдағы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Көктемде болған су тасқынын және қыс мезгіліндегі ауа райының жағдайын  ескере отырып  орталық аудандық аурухана қар-шалшықта жүретін арнайы «Бобр» маркалы ГАЗ 3409 техникасын алды. Өткен жылы желтоқан айында боранды мезгілде жол қатынасының болмағандығынан медециналық көмекке мұқтаж адамдар аталмыш техникамен ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары ағымдағы жылы да жалғасатын болады, алдағы уақытта екі бірлік жедел жәрдем көлігін алу жоспарда бар
Аудан тұрғындарына білікті және мамандандырылған көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық комплекс іске қосылып, ауданның 11елді мекенінде медециналық көмекпен 10 мыңнан астам адам қамтылды. 
2015 жылы ОАА лапараскопиялық бейнеэндоскопиялық комплекс  лизингісін алды. Ол жедел және диагностикалық манипуляцияларды резервсіз жасауға және, өз кезегінде, стационарда қаралатын науқас санын азайтуға мүмкініндік береді. 2015 жылы аталмыш медициналық құрылғы арқылы 140 ота жасалды.
Ауданның денсаулық сақтау саласында  63 дәрігер, 232 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.
2015 жылы ауданның медициналық мекемелеріне 3 дәрігер жұмысқа тұрды.  Жаңадан келген медицина қызметкерлеріне «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік көмек көрсетіледі, сондай-ақ, баспана беріледі.
Алайда, бұған қарамастан, аудандағы ауылдық жерлерде дәрігер тапшы. Ал аудандық поликлиникаға рентгенолог қажет. Бұл саладағы маман қазіргі кезде ОАА қаражаты есебіне оқытылуда.
Бұдан басқа, «Бос орындар» жәрмеңкесі арқылы Қарағанды мемлекеттік университетінен түлектерді жұмысқа шақыру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Құрметті жерлестер!
Азамат тәнінің саулығы денсаулықты сақтауға ғана тәуелді емес. Кез келген аурудың алдын алу негізі - денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тәуелді. Ал салауатты өмір салты ұлт саулығының кілті болып табылады.
Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілетін тұрғындардың барлық жас мөлшеріне және әлеуметтік топтарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралар санын арттыру  жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жүргізіледі. Есептік мерзімде 198 спорттық-бұқаралық шаралар өткізіліп, онда 16 мыңнан астам адам қатысты. Қазіргі уақытта тұрғындарды  бұқаралық спорт түрлерімен қамту деңгейі облыстық орташа көрсеткішке жетіп, 28 % құрады немесе 17,5  мың адам. Спорт инфрақұрылымын дамыту аясында 2015 жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Шешенқара, Новоузенка, Ботақара және Доскей ауылдарында – барлығы 4 спорт аулалары орнатылды.
Ағымдағы жылы ауданның орта мектеп базаларында асық ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша спорт секцияларын ашу жоспарлануда. Бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстар дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын адамдар санын 29,5%-ға  ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2015 жылы аудан спортшылары өткізілген барлық облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, 150 наградаға ие болды. 
Ауданымыздың 6 спортшысына спорт шеберіне үміткер атағы, 1-не спорт шебері, 126-дан астам оқушыға спорттық дәреже берілді.
Мәдениет
Өткен жыл ауданның мәдени өмірінде маңызды оқиғаларға толы болды. Мәдениет және қоғамның руhани даму деңгейін арттыру бойынша мақсатты бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды.
Бүгінгі таңда ауданымызда 75 мәдени ошақтары бар болса, оның ішінде 40 кітпахана (24 модельді кітапхана), 34 клуб, 1 –тарихи-өлкетану мұражайы және 2 «Зерде» бейнемобиль бар.
2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ботақара кентіндегі «Ешкім де ұмытылмас – ешетеңе де ұмытылмайды» мемориалына жөндеу жұмыстары жасалып, Қызылқайың және Үміткер ауылдарындағы ескерткіш аулаларына қоршау орнатылды.
Ұлы Отан Соғысында қайтыс болғандарды мәңгі есте сақтау үшін 9 мамырда тұрғындардың жинаған қаражатына Ақбел, Белағаш, Петровка және Үштөбе ауылдарында ескерткіштер ашылды. 
Ағымдағы жылы аудандық кітапхананың әкімшілік корпусына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, жылу беру жүйелеріне жөндеу жұмыстары жасалып, жалпы сомасы 6 млн. 400 мың теңгеге Ғ.Мұстафин кенті кітапханасының және ауыл клубтарының қазандықтары ауыстырылды.
Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында ауданда кент, ауылдық округ және ауыл еңбек ұжымдары арасында шығармашылық есеп беру кештері, аудандық байқаулар, сондай-ақ, ақындардың шақырылуымен шығармашылық кештер өткізілді.
Бүгінгі таңда, мемлекеттік тілді дамытуға және қолдануға барынша көңіл бөлініп келеді.
2015 жылы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Бұл бағыт бойынша, Ботақара кентінде және Новоузенка, Үштөбе ауылдарында жалпы сомасы 1 млн. 440 мың теңгеге 54 адам оқытылды. Биылғы жылы мемлекеттік тілді оқыту курстары  басқа да ауылдарда өткізілетін болады.
Ауданда 7 этно-мәдени бірлестік бар. Ауданымыздан шыққан би коллективтері мен әншілер көптеген Республикалық және Халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жоғарғы нәтижелерімен ауданның, облыстың және Республика мәденетінің дамуына үлкен үлес қосып келеді.  Ауданымыздың кейбір ауылдарында клубтың болмауы - мәдениет саласындағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Құқықбұзушылықтың алдын алу.
Ауданда құқықбұзушылықтың алды алу туралы Аймақтық бағдарламаны іске асыру бойынша тиісті шаралар қабылданып келеді. Құқық қорғау органдары өткен жылы 638 қылмыс тіркеген, 2014 жылғы деңгейге  қарағанда  19,5% -ға ұлғайған. Ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерін ашу  72,4 1%, яғни  2014 жылға қарағанда 17,4% - ға көбірек. Орташа ауыр қылмыстың ашылу деңгейі 45,2%-ды құрады, яғни облыстық көрсеткіштен 1,6%-ұлғайған, ауыр емес қылмыс 66,1% -ды құрады (бұл жерде облыстық көрсеткіш 46,1%), яғни облыстық көрсеткіштен 20% артық.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында, ауданның құқық қорғау органдарына «ұсақ құқықбұзушылыққа» төзімділік атмосферасын қалыптастыру бойынша жұмыстарды жеделдету және алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Антикоррупциялық стратегиясын жүзеге асыру бойынша Бұқар жырау ауданының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарына және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға  сәйкес жүргізіледі.
Стратегияны орындауда жанында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Кеңес қызмет ететін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы  белсенді түрде қатысады.
Барлық атқарылатын іс-шаларалар сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың себептері мен шарттарын болдырмауға, азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара әрекет  жасауды қамтамасыз етуге, мемлекеттік антикоррупциялық саясатты насихаттауға бағытталады.
Ішкі саясат.
Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік басымдықты насихаттау, қоғамдық келісімді сақтау – жергілікті атқарушы органдырының ішкі саясат аясындағы идеологиялық жұмыстарының маңызды бағыттары болып табылады.
Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2015 жылы бірқалыпты қоғамдық-саяси жағдай сақталды.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан хылқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын  түсіндіру және насихаттау бойынша белсенді жұмыстар атқарылды.  2015 жылы еңбек ұжымдарында және тұрғындар арасында барлық деңгейдегі ақпараттық-насихаттау топтары үш жүзден аса іс-шара өткізді.
Өткен жыл маңызды мерейтойлармен белгіленген болатын. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ата Заңнынң 20 жылдығы мен Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты  қоғамдық-саяси іс-шаралар қоғамда бірлік пен келісімді нығайтуға, аудан тұрғындары арасында позитивті қоғамдық пікірдің қалыптасыуына нығайтуға негіз болды.
Дінаралық қарым-қатынас аясында тұрақтылықты сақтау, деструктивті дінаралық ағымдардың идеологиясын таратуға (әсіресе жастар арасында) жол бермеу бойынша ұйымдастырылған және идеологиялық жұмыстар жүйелі түрде өткізіліп тұрды. Аталмыш жұмыстар кәсіби дін танушылар мен теологтардың қатысуымен,  ресми дін басылардың өкілдерімен тығыз байлыныста жүргізіледі. Айта кететін жайт, радикалды діни көзқарастар біздің ауданымызға тән емес.
Осы жылы  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған іс-шаралар  - идеологиясы мықты тәуелсіз мемлекет құру жұмысына қазақстандық патриотизм мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде және «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына сәйкес, әрбір бұқаржыраулықтың қатысуын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Жастар саясаты.
Аудан тұрғындарының үштен бір бөлік дерлігін жастар құрайды. 2015 жылы ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру 10 млн. 601 мың теңгені құрады, оның ішінде 2 млн 530 мың теңге рухани, патриоттық тәрбиелеу, жастарды кәсіби бағдарлау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізуге бөлінді.  
«Жасыл ел» жобасын іске асыру үшін 1 млн 282 мың теңге бөлінді. Жазғы еңбек демалысы уақытында студенттер, ауыл жастары және жұмыссыз жастар арасынан 30 жауынгер еңбек етті. 
Шығармашылыққа жақын жастарға өздерінің таланттары мен қабілеттерін көрсету үшін әртүрлі форматта алаңдар әзірленді. Біздің жас қырандарымыз облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысады және онда жастарымыздың көбі жақсы нәтижемен оралып, жүлдеді орындарға ие болады. Үздік жас өкілдеріне байқау өткізу арқылы бес номинация бойынша жыл сайынғы «Жұлдыз»  жастар премиясы беріледі.
2016 жылы жастар саясаты аясындағы жұмыс жастар арасында көкейкесті мәселелерге сапалы мониторинг жүргізуге, қолданыстағы бар бағдарламаларды орындау арқылы жұмыспен қамтуды және жастардың демалыс уақытын жоспарлы қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Мемлекет басшысы «Электронды үкімет» және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін дамытуға баса назар аударады.
Аудандағы жергілікті атқарушы органдар 73 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1 қызмет электронды форматқа ауыстырылды, 6-уы жартылай автоматтандырылған.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдары 114 мың 380 мемлекеттік  қызмет көрсеткен.
Оның ішінде мемлекеттік органдар арқылы жазба түрінде 139 мың 519 қызмет, 3 мың 729 қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, 1132 қызмет түрі Электронды үкімет Порталы арқылы көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану  болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ішкі бақылау жүргізіледі. Ай сайын аудандық газетте мемлекеттік қызмет стандарттарының негізгі қағидалары жарияланады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүргізу стандарттары мен регламенттері, қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі, электронды қызметтерді қолдану ережесі және есеп аудан әкімі аппаратының ақпараттық порталында жарияланған.  Сондай-ақ, аталмыш интернет ресурсында «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы Сіздің пікіріңіз» атты сауал орналастырылған.
Жергілікті атқарушы органдарының жұмысындағы басым бағыттардың бірі – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарастыру болып табылады. Мемлекеттік органдарда келіп түскен өтініштерді есепке алу және бақылау жұмыстары жүргізіледі, азаматтардың шағымдануын туғызатын себептерге жүйелі талдау жасалады, оларды жою бойынша шаралар қабылданады.
Есептік мерзім ішінде аудан әкімінің аппаратына 921 азаматтар өтініші келіп түсті, оның ішінде жоғарғы тұрған органдардан келіп түскені – 135, облыс әкімінің блогінен – 45, аудан әкімінің сайтына 41. Жазбаша түрде келіп түскен өтініштердің ішінде: жерді пайдалану мәселесі бойынша 296, коммуналдық қызмет бойынша 170, құрылыс мәселесі бойынша 168, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша 67, төтенше жағдай мәселесі бойынша 29, білім беру саласы бойынша 22, басқа да сұрақтар бойынша 169.
Менің жеке қабылдауымда 146 заңды және жеке тұлғалардың өтініштері қаралды.
Сондай-ақ, бір де бір өтініштің қараусыз қалмайтындығын  және де олардың орындалуы жеке бақылауға алынатындығын баса айтқым келеді.
Қадірлі жерлестер!
Аудан аумағындағы болған төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралар туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер.
Өздеріңізге белгілі, былтырғы жылдың 10-18 сәуірі аралығында ауданымыздың 15 елді мекенін су басып, салдарынан 1533 аула  суға кетті, 8000 –нан астам адам эвакуацияланды.
Осыған байланысты, менің шешіміммен, аудан аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Мал-мүлікке келтірілген залалды және қираған үйлердің техникалық жағдайын анықтау үшін тиісті лицензиялары бар  мамандандырылған ұйымдар жұмылдырылды.
Барлығы, аудан бойынша 312 үй апаттық деп танылып, 244 үй (260 пәтер) қолданыстағы заңнамаға сәйкес рәсімделген және 68 үйдің құқық белгілеу құжаттары жоқ болып анықталды.
Қираған үйлердің құрылысына  Республикалық бюджеттен 2 млрд 213 млн. 782 мың теңге бөлінді. 244 үй (260 пәтер) салынып, пайдалануға берілді.
Қалған  68 үй бойынша, яғни қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленбеген үйлер бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді:
Қарағанды облысының тапсырмасы бойынша «Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек Қоры» Қоғамдық бірлестігі құрылып, онда республика аумағынан бей-жай қарай алмаған азаматтардың көрсеткен жәрдемдері жиналды.
Фонд қаражатына, қазіргі таңда, 37 үй сатып алынды, қалған үйлер бойынша әрі қарай жұмыстар  атқарылуда.
Барлығы, аудан бойынша,  материалдық шығынды қайтару жөнінде 1066 өтініш қабылданды. Зардап шеккен тұрғындардың 1037 өтініші бойынша бағалау актілері ұсынылды.
Материалдық шығынды қайтару үшін блыс әкімінің резервінен бөлінген қаражат 500 млн.299 мың.теңгені құрады.
1015 отбасының жеке шоттарына  479 млн. 201 мың теңге аударылды.  Құқық белгілеу құжаттарының болмауына байланысты зардап шеккен  73 тұрғын бойынша, келтірілген шығын сомасы  27 млн. 675 мың теңге, материалдар Қорға берілді. Төлем толық төленді.
Көктемгі су тасқыны салдарынан аудан аумағында облыстық маңызы бар «Қарағанды –Тоғызқұдық-Ботақара» автожолының 54  шақырымындағы көпір, республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» автожолының 60 шақырымындағы «Өткелсіз» өзені арқылы өтетін көпір, сондай-ақ, Үміткер ауылындағы көпір бұзылды. Соқыр өзені арқылы өтетін «Новодолинка – Шахан – Молодецкое» автожолындағы көпір және Нұра өзені арқылы өтетін Шешенқара ауылыдағы аудандық маңызы бар жолдағы көпір апаттық жағдайда.
Республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» автожолының 60 шақырымындағы көпір қайта қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді.
Аудандық маңызы бар Шешенқара ауылындағы жолдағы көпір бойынша автожолдың көпірге баратын аралығына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көлік қатынасы қалпына келтірілді.  Үміткер ауылындағы көпір де қалпына келтірілді.
Тасқын судың салдарынан аудандық маңызы бар Сарытөбе, Волковское және Соқыр өзені бойынша Дубовка ауылына баратын кіре беріс жолдарды су шайып кеткен болатын. Бүгінгі күнде, Сарытөбе ауылына баратын жолға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Құрметті бұқаржыраулықтар!
2016 жыл барша қазақстандықтар үшін аса маңызды оқиғамен басталды, яғни, қаңтарда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы жарияланған болатын. Еліміз сан ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздіктің 25-ші жылына жаңа қазақстандық арманмен қадам басты.
Бізге, алдағы уақытта ауданымыздың әлеуметтік экономикасын бұдан әрі  дамыту бойынша көптеген нақты тапсырмалар жүктелді.
Ауданымыздың дамуы мен гүлденуіне қосқан әрбір бұқаржыраулық азаматтың жеке үлесі жалпы өмір сапасын жақсартуға жетелейді деп ойлаймын. Ең бастысы, балаларымыз бен келешек ұрпағымыз үшін біз сіздермен егемендік, ұлттық бірлігіміз бен бейбітшілік және келісім  сияқты қасиеттерімізді арттырып, нығайтуымыз керек.
Қол жеткізген табыстарымызды сақтап, Мемлекет басшысының дана саясаты жолында адал қызмет етіп, ауданымыздың әрбір тұрғынының әл-ауқатын бұдан да әрі жақсартуымыз керек.
Осы тұрғыда, жүктелген барлық тапсырмалардың лайықты орындалатындығына сенемін!
 


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 17 Қазан 2016 10:39
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 17 Қазан 2016 10:54
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»