100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бұқар жырау ауданының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы кезеңге міндеттері туралы

Құрметті аудан тұрғындары!
2016 жылы жергілікті атқарушы органдардың барлық жұмысы мемлекеттің алдағы уақытта толық дамуына бағытталған барлық мүмкіндіктерді толық пайдалануға септігін тигізген Елбасының «100 нақты қадам» 5 институционалды реформаларын жүзеге асыруға бағытталды.
Біздің аудан кейбір қолайсыз экономикалық тұрақсыздылықтарға және әлеуметтік нарықтағы қолайсыз жағдайларға қарамастан былтырғы жылды жақсы экономикалық көрсеткіштермен аяқтады. Аудан бюджеті үнемді режимде құрылғанына қарамастан, еңбекақы төлемдері және басқа да әлеуметтік төлемдер бойынша барлық міндеттер толық орындалды.
2016 жылды қорытындылай келе, біз көптеген сынақтарды бастан өткізіп, мемлекет басшысының барлық негізгі тапсырмалар мен мақсаттарын толығымен орындалуын қамтамасыз еттік деп айта аламыз.
Аудан экономикасының дамуын айқындайтын негізгі салалар бойынша өндірілген өнім көлемі 2016 жылы 105 млрд. 567 млн. теңгені құрады, яғни 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 6,9 % артық. Бұл көрсеткіштер негізінен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда болып табылады.
Өнеркәсіп.
2016 жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 39 млрд. 870 млн. теңгені құрап, былтырғы көлемнен 21,2 % ға артты, жеке индекс көлемі 104 % құрады. Жеке индекс көлемін орындау ауданның ірі және орта кәсіпорындарының өнім шығаруына байланысты болады. Бұл кәсіпорындар 12 млрд.теңгеден жоғары қаражат көлемінде тауар өңдіріп былтырғы жылмен салыстырғанда 115,4 % құрады, сонымен қатар, бұл көрсеткіштер көмір және мыс концентраттарын өндіру көлемінің ұлғайғанына байланысты болды.
Өңдеу саласында өндіріс көлемі өнеркәсіп өнімі көлемінің 84 % құрады, 33 млрд.512 мың теңгеге өнім өңдірілді. Жеке жеке көлем индексі 115,6 %. Ауданда өңдеу өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары «Максам Казахстан» ЖШС, «Қарағанды нан компаниясы»  және Ак-нура ХПП болып табылады.
Аудандағы тау-кен өндірісі «Қушоқы көмір кеніші» ЖШС, Қазақмыс корпорациясының «Нұрқазған» ЖШС, «Кузнецкий кеніші» ЖШС, «ТКК Sat Komir» АҚ кәсіопырндарымен таңылады.
2016 жылы осы саладағы өндіріс көлемі 5 млрд. 904 млн.теңгені құрады, ЖКИ (ИФО) 100,2 % құрап олар Қушоқы көмір кенішінің өңдірген көмір көлемінің ұлғаюына байланысты болды. 2016 жылы 858,7 мың тонна көмір өңдіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,9 % -ға арттық. (2015 жылы – 803,6 мың тонна).
Оң динамиканың қалыптасуына, ең алдымен, Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық бағдарламалар аясында қолданылған мемлекеттік қолдау шаралары тиек болды. Кәсіпкерлікті қолдау Картасының шеңберінде ауданымызда құны 10 млрд. 608 млн.теңгені құрайтын, сегіз жүз бір жұмыс орынын ашуға мүмкіндік беретін 10  жоба жүзеге асуда. Олардың ішінде жалпы құны 8 млрд. 902 млн. теңгеге  9 жоба іске қосылып, нәтижесінде 750 жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 2016  жылдың 1 тоқсанында    1 жоба, яғни, «Волынский» АӨК ЖШС-да «биоқалдықтарды  өңдеу  өндірісі бойынша ұйым» іске қосылды. Аталмыш жобаның құны 267 млн.теңгені құрайды. Жобаны іске қосу арқылы 11 жұмыс орындары ашылған. Жобаның негізгі мақсаты биоқалдықтарды өңдеу арқылы биогаз және электр қуатын алу.
Индустриализациялау Картасындағы барлық жобалар 2016 жыл қорытындысы бойынша жоспарлы қуат айналымына шығып, 6,8 млрд.теңге сомасында өнім өдірілді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 2,3 есе артық. Сондай-ақ, "Бемер арматура" ЖШС және "Изоплюс Центральная Азия" ЖШС өндіріс орындарында өнім шығару көлемі екі есе артты.
2019 жылға дейінгі идустриалдық- инновациялық дамудың екінші бесжылдығы аясында  жалпы құны 872 млрд. Теңгені құрайтын екі инновациялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Ол жобалар арқылы өндіріс  пен аудан бюджетіне келіп түсетін салық көлемі көбейіп 2000 – ға дейін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік болады.
«Сары арқа» арнайы экономикалық аймақ аумағында құны 73 млрд.теңге ге Қарағанды  кешенді қорытпа зауыты салынып, онда 1000  жұмыс орындары ашылатын болады.
«Цинхуа» қытай компаниясымен бірлесіп, «Қарағанды СиСиАй» ЖШС көмір өндіру және өңдеу кешенінің құрылысы басталады. Жоба құны 799 млрд.теңге, құрылыс кезінде 2000  жұмыс орындарын құрумен, пайдалану кезеңінде 1000  жұмыс орындарына дейін құрылады.
Біздің ауданымыздың аумағында орналасқан «Сарыарқа» арнайы экономикалық аумақта 10 жоба тіркелген, олардың 3-уі құны  4 млрд.256 млн.теңге көлемінде 141 жұмыс орындарын құру арқылы жүзеге асқан («Бемер арматура» ЖШС, «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС, «Хенвоо Централ Азия» ЖШС) және 1  жоба («Эколампа» ЖШС) іске қосуға дайындық үстінде. Инфрақұрылымның негізгі нысандарының құрылысын аяқтау жұмыстары 3 компанияға («Севен Рефракториз Азия» ЖШС, «Стилл Мануфактуринг» ЖШС, «Өтеміс ЛТД» ЖШС) есептік мерзімде алғашқы құрылыс жұмыстарын бастауға мүмкіндік берді, тағы 2 жобаның жүзеге асуы («Қарағанды кешенді қорытпа зауыты» ЖШС мен  «Техно Казахстан» Зауыты) 2018-2019  жылдарғы жоспарланып отыр.
Тауар, жұмыс және қызмет сатып алулардағы қазақстандық үлесінің  көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатқаны да маңызды. Мысалы алға алатын болсақ, 2016 жылы бұл көрсеткіш 94% болса, былтырғы жылғы көрсеткіш 87,8% құрады.
Инвестициялар.
Ауданымызда ивестицияларды жұмылдыру бойынша ауқымсды жұмыстар атқарылып келеді.  2016 жыл қорытындысы бойынша  негізгі капиталға келіп түсетін инвестиция көлемі 20 млрд. 330 млн.теңге болды. Инвестицияның жалпы көлемінің 32,9%  өнеркәсіпке, 14,6% ауыл шаруашылығына, 46,3% көлік және қаттауға бағытталды. Негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі 47,7% көлеміндегі кәсіпорындардың өз қаражаттары  болып табылады, бюджеттік қаражаттарға 45%, шет ел инвестицияларына – 5%, қарыз қаражаты 2,3%.
Өнеркәсіптер арасында инвестициялық белсенділік те артып келеді. Олар өздерінің өнімдерін модернизациялау процессіне инвестиция салуды жыл сайын ұлғайтып келеді. Мысалы, «Нұрқазған» ЖШС 2016 жылы 2  млрд. теңге,  «Максам Казахстан» ЖШС 518 млн.теңге, «Тау Кен Жоба» ЖШС 328 млн. Теңге көлемінде инвестиция салған.
Шешенқара ауылдық округінде «Өркендеу» ЖШС-мен  100 мың бас доңызға арналған бордақылау алаңының құрылысы үшін  инвестицияларды жұмылдыру бойынша жұмыстар атқарылуда.  «Сарыарқа» АЭА аумағында 4 кәсіп орындарының құрылысы жүргізілуде (көше жарық шамдарын жинақтау бойынша, отқа төзімді материалдарды өндіру бойынша, Қазақстан оқ шығару және полимерлік-бетонды  құрастырылымдар шығаратын зауыт).
Ауыл шаруашылық.
Біздің ауданымыз агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейі бойынша облыста алдыңғы орнында. Мемлекеттік қолдау, ауылдарды дамыту мен жаңарту, үдемелі технологияларды енгізу бағдарламалардың арқасында 2016 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты мен серпінді өндіруді қамсыздандырды.
Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 2016 жылы 37 млрд. 700 мың тенге құрды, бұл көрсеткіш алдыңғы жылдан 12,4%-ға артық. Облыстағы ауданның ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылым үлесі 17% құрды.
Соңғы 25 жыл бойынша өткен жылы астық өнімі мол жиналды. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер 119 мың га жерде-88 мың га бидай, 27 мың га арпа, 4,6 мың га сұлу дақылдарын жинады. Орташа астық өнімділігі 12 ц/га-да болғандағы, жалпы жиналған өнім 143 мың т. құрды. 14,4 мың тонна дәнді дақылдарының тұқымдары себілді. 184 мың тонна кесек азық дақылдары дайындалды.
Орташа астық өнімділігі 22 ц/га-да 2,7 мың га жерде картоп жиналды. Жалпы жиналған өнім 45 мың 500 тонна құрды. Жалпы жиналған өнімі 5 мың 100 тонна құрып тұрған 255 га жерде көкөніс жиналды.
Өсімдік шарушылығының өсу қорының бірі 91 мың га жерде немесе 76,3 % астық дақылдарының жалпы егілген алқаптан ылғал сақтау технологияларын енгізу, 446 га жерде тамшылап суару әдісі қолданылды. 
Ауыл шаруашылық қалыптастырудың машина-тракторлық паркі 359 млн. 800 мың тенге тұратын 48 бірлік техникасына жаңартылды. Қазіргі заманғы техникаларды алу ауылдағы модернизацияны жеделдетуге, шаруашылық жұмыстарының тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығының перспективалық және маңызды саласын мал шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінеді. 2016 жылы 24,8 мың тонна ет, 58,1 мың тонна сүт, 346,9 млн. тауық жұмыртқасы өндірілді.
Ірі қара мал басының саны 0,9 %-ға (56,4 мың бас), ұсақ қара мал 0,3 %-ға (74,9 мың бас), жылқы 0,7 %-ға (20,8 мың бас) өсті. Бірақ та шошқа басының саны 8,1 %-ға (51,5 мың бас), және құстың 11,3 %-ға (1,9 млн. бас) төмендеуін атап өту керек. Шошқа мен құс басының төмендеуі ЖШС «АПК Волынский», ЖШС «Майкудукская ПТФ», ЖШС «Қарағанды-Құс» кәсіпорындарында мал басының өсімін молайту, жасы келген мекиен тауықтарды ауыстыру өзгерістеріне байланысты болды.
Ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер «Сыбаға», «Құлан», «Алтын Асық» мемлекеттік бағдарламаларды қолданып жатыр. Сол бағдарламар арқасында ірі қара мал басы 190, жылқы 410 және қой басының саны 477-ге өсті.
Ауданның экспорттық потенциалы жыл сайын серпінді дамып жатыр. Жыл басында өсімдік шаруашылығының тауарын 1 мың тоннадан басым азық-түлік бидайының экспорты, мал шаруашылығы саласында 54 тоннадан артық сиыр еті, 3 млн. артық тауық жұмыртқасы, 56 тонна қаз еті Республикадан тыс жерге шығарылды.
Ауыл шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдаулар маңызды рөл атқарады. Осылай 2016 жылы барлық бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылыққа жалпы соммасы 3 млрд. 226 млн. тенге қаражат жұмсалды. Өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидия 282,7 млн. тенге, мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша 2205,3 млн. тенге,инвестициялық салымдар субсидиялары 605,6 млн. тенге, кредит бойынша пайыздық мөлшерлемесі мен лизинг міндеттемесі бойынша 132,5 млн. тенге. Құрды.
2016 жылы «50 ауылдық округтерді дамыту Концепциясы» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге Жеке қосалқы шаруашылықтарға (ЖҚШ) кредиттерді беру бойынша жаңа бағдарламаның іске асырылуы басталды. Осылай 2016 жылы желтоқсан айында аудан жерінде 2 Ауыл өндірушілер кооперативі (АӨК) құрылды: АӨК «Кызылжар», АӨК «Бакшалы». Бұл кооперативтерге жалпы соммасы 104,5 млн. тенге кредит берілді. Қазіргі уақытта бордақылау контингент бойынша 461 бас саны сатып алынды. Малдарды сатып лау жұмыстары әлі жалғасуда.
2017 жылға 5 административтік округтерде 5 кооператив құруға жоспарланып жатыр (Акбел, Доскей, Г.Мустафина, Кызылкайын, Баймырза). Аталған округтарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, потенциалды қатысушылармен құжаттарды жинау жұмыстары атқарылып жатыр.
Барлық атқарылып жатқан шаралар мен мемлекеттік қолдау агроөндірістік кешеннің тауарларын өндіруді арттыруға бағытталған.
Ветеринария.
Жануарлардың аса қауіпті аурулары мен ветеринарлық –санитарлықты қамтамасыз ету бойынша өткен жылы толық  көлемде жұмыс жүргізілді. 110 млн 102 мын теңге жалпы соммасында  21 ауру бойынша жануарлардың әрбір  түріне бекітілген жоспарға  сәйкес диагностикалық зерттеу мен лактация  жүргізілді.
24 мын бас ІҚМ, 38 мың бас ҰММ, 6 мындай жылқылар және 45 мың бас шошқа бірдейлендірілді. Тексеруден кейін барлық ветеринарлық іс-шаралар, Үштобе а/о « Мереке»  шаруа қожалығындағы  ІҚМ бруцеллезі бойынша  шектеу алынды. Ауру жануарларды қайта өндеу зауытына  тапсырған мал иелеріне толық ветеринарлық  іс-шараларды жүзеге асыру үшін бюджет есебінен 26 млн 300 мың тг көлемінде қаражат бөлінді.
Өздеріңіз білетіндей өткен жылы маусым айында Шет ауданында     қоршалмаған мал қөмінділерінде жануарлар жайылып , нәтижесінде бір сібір жарасы күйдіргі ауру табылды. Осыған байланысты біздің ауданда  сібір жарасы бөлімшелері бойынша орналасқан қолайсыз  -стационарларда  іс- шаралар өткізілді .  Он алты бөлім анықталды аудан әкімдігі қорынан қоршауға 7 млн 307 мың тг бөлінді. Ауданда 4 мал сою  бөлімдері мен 9 сою аланы қызмет атқарады. Сою аландарының ашылуына байланысты халық арасында түсіндіру жұмыстары  жүргізілуде.
2017  жылы іс-шаралар жоспарын өткізу толықтай қаржыландырылған және барлық  іс –шара жоспарлы түрде орындалады.
Жер қатынастары.
Мемлекет басшысының жер қатынастары саласына қатысты тапсырмасына сәйкес ауданда ауыл шаруашылық мақсаттарына бағытталған пайдаланылмаған жерлерді айналымға аудару және жеке тұрғын-үй құрылыстарына берілген жер телімдерін түгендеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Ауданда 43 мың га егістікке жарамды тыңайған жерлер бар және оларды 2017-2018 жылдарында айналымға аудару жоспарлануда. 
2016 жылы ауданның жер қорынан конкурстық негізде 24 мың 66 га жер айналымға аударылды, оның ішінде жайылым – 14 мың 283 га, 8 мың 877 га егістік жерлер.
Тыңайған жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында 2015 жылы аудандық маслихат сессиясының шешімімен пайдаланылмаған ауыл шаруашылық бағыттағы жерлерге, жер және біріңғай жер салықтарының мөлшерлемесі 10 есе артты. Нәтижесінде 40 жер пайдаланушыларға қатысты 15 мың га аумағында (оның ішінде 1 мың 183 га егістік жерлер) салық мөлшерлемесі 10 есе ұлғайды. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар нәтижесінде, ұтымсыз пайдаланған 59 жер иесі 10 мың га аумағында жер пайдалану құқығынан бас тартты (оның ішінде 7 мың га егістік жерлер).
Кінәраттік талап-арыз жұмыстарының нәтижесінде Суықсу ауылының 51 мың га жері қайтарылды.
Ағымдағы жылы жеке тұрғын-үй құрылыстарын жүргізу мақсатында жер телімдерін алған және сол жерлерді бекітілген 2 жыл мерзімде пайдаланбаған азаматтарға қатысты кінәраттік жұмыстар жалғастырылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
Шағын және орта бизнесті дамыту.
Кәсіпкерлікті дамыту үшін ауданда кәсіпкерлікті қолдайтын толық инфрақұрылымқызмет етеді, онда қаржы институттары, бизнесті қолдау орталықтары, кәсіпкерлер ассоцациясы бар. Негізгі мақсаты, ауданда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту.
Бұл бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесі іркелген шағын кәсіпкерлік санының 6,8%  өскенін айтуға болады, былтырғы жылмен салыстырғанда белсенді шағын және орта бизнес субъектілердің де саны 60 бірлікке артқан. (2016 жылы – 2 377 бірл., 2015 жылы – 2 317 бірл.). Шағын және орта  кәсіпкерлікпен айналысатын жұмыспен қамтылған адамдар саны 6 мың. 395  немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 100,5% құрайды. Олардың өндіретін өнімдерінің көлемі 5,4% артты (2016 жылы – 11 млрд. 859 млн. теңге, 2015 жылы – 11 млрд. 255 млн. теңге).
2016 жылы сауда және қоғамдық тамақтану орындары саласында 27 нысан пайдалануға берілді,  оларджың инвестиция көлемі 1 млрд.188 млн.теңгені құрап, 201 жұмыс орындары құрылды. Шағын және орта бизнестегі аса қажеттілікті «Бизнестің жол картасы -2020» Бағдарламасы көрсетті. Аталмыш бағдарламаны жүзег асыру уақытында  Үйлестіру Кеңес і жалпы соамыс 7 млрд. 332  млн.теңгеге 59 жобаны қолдады, оның ішінде 2016 жылы 18 жоба жалпы сомасы 2 млрд. 336 млн. теңгеге. Пайыздық үстемені субсидиялау механизмі бойынша жалпы сомасы 2 млрд.270 млн теңгеге  15 жоба қабылданып, 2 жоба бойынша 65 млн.теңге соамыснда несе беру жартылай кепілдендірілді. Қушоқы кентінің бастауыш жас кәсіпкеріне  наубайхана ашу үшін грант беру арқылы 1,5 млн. теңге ұсынылды.
Мықты бизнсеті кәсіпкерлік сауаттылықсыз құру мүмкін емес. Кәсіпкерліктің іскерлік мәдениеті мен кәсіпкерлік шеберлік деңгейін көтеру мақсатында «Бизнес- Кеңесші» жобасы бойынша 514 кәсіпкер оқытылды, оның ішінде 2016 жылы 29 адам.     Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау бойынша жұмыстар  биылғы жылы да жалғастырылатын болады.

Тауарайналым.
Тұрғындардың сатып алу әлеуеті артты. Бөлшек сауда көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 26,7% артты және 2 млрд.175 млн. тенгені құрады.
Инфляциялық  процесстер.
Жергілікті атқарушы органдармен әлеуметтік-маңызды азық-түліктер бағасының мониторингі үнемі жүргізіледі, дүкен иелерімен әлеуметтік-маңызды азық-түліктер бағасына 5% -дан аспайтын үстеме баға қосуға 223 меморандум бекітілді. Осы дүкендерде азық-түлікті төмен бағамен сатуға арналған 153 әлеуметтік сөрелер ашылған
Әлеуметтік-маңызды азық-түліктер бағасының өсуін жібермеу мақсатында, ауданның ауыл шаруашылығы нысандары Астана, Қарағанды қалаларында және аудан кенттерінде өткен, нарықтағы бағадан 15-20% -ға төмен өнім саудалаумен  22 жәрмеңкелерге қатысты. Барлығы 208,6 миллион тенге сомасына ауыл шаруашылығы өнімі сатылды.
Қабылданған шараларға қарамастан, жалпы ахуал салдарынан 2016 ж өнімдердің  жеке түрлеріне  бағаның өсуі болды (15 атау).
Бұл мәселе күнделікті бақылауда.
Қаржылық көрсеткіштер.
Аудан экономикасының жақсаруы салық түсімдерінің және басқа да бюджетке төленетін төлемдердің өсуіне мүмкіндік берді. 2016 жылы бюджетке 2 млрд. 106 млн.теңге түсті немесе өткен жылдың деңгейіне 124% (1 млрд.702,6 млн.теңге).
Экономиканы арттыру сақтық қорларын пайдалану, салық төлеу базасын кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді. 147,8 млн.теңге сомасында сақтық қорлары анықталды, бұл жылдық жоспарға 138,3% құрайды (106,9 млн.теңге).
Аудандық бюджеттің шығындары 6 млрд.775 млн.теңгені немесе жоспарға 99,98% құрады.
Өткен жылы аудандық бюджетте әлеуметтік сала нысандарын қаржыландыруға, мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындауға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қаржыландыруға тек ағымдағы шығындар қарастырылды. 2017 жылға аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттің 8%, атап айтқанда 574 млн.теңге құрылысқа, жобалық-сметалық құжаттаманы қайта құруға және әзірлеуге бағытталды.
Құрылыс.
Әрине, ерекше көңіл тұрғын үй проблемаларын шешу үшін бөлінеді. Ауданда  есептік кезеңде 10136 ш.м. тұрғын үй енгізілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5млрд 500 млн теңгені құрайды.
109 жаңа нысандар, оның ішінде 90 пәтер жеке салушылармен салынған (өткен жылмен есептегенде 130,4%) және 19 тұрғын емес нысандары пайдалануға берілді.
Бюджет қаражат мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан 2016 жылы Аудан бойынша тұрғын үй кезегенде тұрған азаматтарды тұрғын үймен мақсатында, Ботақара кентіне 16 пәтерлік тұрғын үйлер инженерлік-коммунициялық инфрақұрылым соған жобалық-сметалық құжаттамасы  жасауға шығыстар қарастырылған. 2017 жылы бюджеттен Ботақара кентінде екі 16 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысына, аяқталмаған 12 пәтерлік тұрғын үйдің демонтажына және де көп балалы отбасына 2 пәтерлік  тұрғын үй құрылысының шығыстары қарастырылған.
Үштөбе ауылының Новая, Садовая көшелерінің 4 км.электр беру жүйесінің Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленгеннен кейін, осы  жобаны жүзеге асыру үшін 26 млн. шығыстары қарастырылған.
Жоғарыда тұратын  бюджеттен, жергілікті атқарушы органдары құрылысқа қаражат бөлінуі мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық – аудан елді мекендерінің тіршілік әрекетінің маңызды бөлігі. Кешенді жоспарға сәйкес жалпы 26 млн.900 мың. тенге сомасына энергия үнемдеу бойынша шаралар өткізілген. Абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына 410 еңбек ұжымдары қатысты- бұл 11 мың. адам, 130 техника бірлігі қатысты. 470 гектар аумағында тазарту жүргізілді,  125 рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлер жойылды, 170 жарық нүктелері, 201 фасад, 4650 метр қоршаулар, 7000 ш.метр жол төсемі жөнделді, 900-ден аса ағаштар отырғызылды. «Аймақтардың дамуы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 867 мың. тенге сомасына күн 5 батареялары орнатылды (4-к. Аюлы; 1-к- Суықсу). «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2016 ж 5 млн.185 мың.тенге сомасына қаражаттар бөлінді, Ботақара к, Қызылқайын а, Ростовка а көше жарығының ағымдағы жөнделіміне. Жылыту маусымының тұрақты өтуіне барлық қажетті шаралар қабылданды.
Ауданда жылыту маусымы мерзімінде басталды, нормалық көмір қоры құрылды, гидравликалық және температуралық параметрлер нормативті талаптарға сәйкес. Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, басымды міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде орталықтандырылған сумен 43 елді мекендер қамтылған немесе аудан тұрғындарының 86 %.
«Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2016 жылдан  бастап Қаражар а және Ботақара а су құбыры желілерінің қайта жаңартылуына жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталды, ЖСҚ әзірленген соң су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізуге бюджеттік өтінім береміз. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 379 млн.тенге сомасында қаражаттар бөлінді, Қызылқайын және Үміткер ауылдарында су құбыры желілерінің қайта жаңартылуына.  «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2016ж Ғ.Мұстафин  кентіндегі су тартқыштың ағымдағы жөнделуіне 51 млн.теңге сомасында қаражаттар бөлінді, Ботақара к 2-і ұңғыманың жөнделуі, Тұзды а мұнараның жөнделуі, сондай ақ Ростовка және Саратовка ауылдарындағы су құбыры желілерінің жөнделуі.
Ауданның автожолдарының жалпы қашықтығы 734 км құрайды. Олардың қызметін қамтамасыз етуге аудан бюджетінен 55 млн. 200 мың.тенге бөлінді.
Автожолдарды ағымдағы жөндеу және қысқы ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді. «Аймақтардың дамуы» бағдарламасы шеңберінде, Қушоқы, Ботақара кенттері, Доскей, Шешенқара, Дубовка  ауылдарының ішкі  жолдарының ағымдағы жөнделуі жүргізілді. Сарытөбе ауылына кіре беріс жолдың себуі жүргізілді. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2016 ж ішкі кент жолдары мен кіре беріс жолдарының ағымдағы жөнделуіне 15 млн.379 мың.тенге қаражат бөлінді. Қызылқайын, Жастлек, Шешенқара ауылдарында және Ботақара кентінде жолдар бөлшектеп жөнделді.
«Қарағанды-Тоғызқұдық-Ботақара», автожолында Нұра арқылы өтетін көпірдің күрделі жөнделуіне жоба-сметалық құжаттама дайындалды, құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 854 млн.теңгені құрайды, көпірді қалпына келтіруге  ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 444 млн.теңге сомасында қаражаттар бөлінді, берілген жоба 2018 жылға ауыспалы болып саналады.
2017 жылы Ботақара кентінің Бухар-Жырау, Нуринская, Шопаная көшелері бойынша жолдардың орташа жөндеуіне,  облыстық бюджеттен 59,5 млн.теңге сомасында қаражаттар бөлінген.
2017 жылға ішкі кент жолдарын қысқы ұстауға аудандық бюджеттен 62 миллион тенге, аудандық маңыздағы жолдардың ұсталуына 12 млн.теңге бөлінген.
Телекоммуникациялар саласы.
Барлық 68 ауылдық елді мекендер    телефон байланысына толығымен қосылған.  Аудан тұрғындарына байланыс қызметтерін 21 аудандық телекоммуникациялар торабының сандық телефондық станциясы жүзеге асырады,  олардан 6 СDMA-450 базалық станция. 100 тұрғынға телефон байланысын қамтамасыз ету тығыздығы 19,5 адамды құрайды.
2016ж Tele-2 желісінің пайдаланушылары үшін жаңа қызмет енгізілген, қызмет  кешенінде «Алтел» қызметтері ұсынылады, елді мекендерде 131 абонент қосылған: Үштөбе, Дубовка, Кокпекті, Новоузенка.  Ботакара к, Қушоқы к, Ғ.Мұстафин кенттерінде, Ботақара, Қызылқаин, Қаражар, Петровка ауылдарында кең жолақты ғаламтор қызметін ұсыну үшін жабдықтың сиымдылығын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Көкпекті ауылында ID-TV сандық теледидары орнатылды.
Мегалайн қызметін пайдаланушылар саны 5 мың 624 абонентті, ID-TV- 1 мың.81 абонентті құрайды.
Әлеуметтік қорғау.
Халықтың  әлеуметтік тұрақтылығы мен өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді. Әлеуметтік дамудың маңызды көрсеткіштерінің бірі жұмыссыздық  деңгейін азайту болып табылады. Тіркелген жұмыссыздар саны  121 адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,5%  құрады.
Есептік мерзімде Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 1 мың 901 адам жұмысқа орналастырылды, жоспарға шаққанда  146%, қоғамдық  жұмыстарға 850 адам бағытталған. 150 жұмыссыз адам  еңбек нарығының сұраныстағы кәсіптері бойынша кәсіби оқу оқып шықты.
Әлеуметтік қамтамасыз ету және  әлеуметтік атаулы  көмек ауданда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақымен әлеуметтік қамтамасыздандырылып,  әлеуметтік көмектер  ақшалай төлем түрiнде жүзеге асырылады.  Барлығы 738 отбасы қамтылып,   34 млн 500 мың теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы төленді.
2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасын іске асыруға барлығы 1 млрд. 350 млн. теңге бөлінген ол 2015 жылға қарағанда екі есе артық.
Бағдарлама шеңберінде 47 әлеуметтік маңызды нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізілді және 285 жұмыссыз азаматтар уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді. 68 жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашу үшін 191 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді, 56 жұмыссыз азаматтар кәсіптік даярлаудан және қайта даярлаудан өтті және барлығы жұмыспен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарына 72 адам жіберілді, жоғарғы және орта білім беру мекемелерін бітірген 30 түлек жастар тәжірибиесінен өтті.
Республикамыздың басқа да аймақтарындай, бБіздің ауданымыздың  аумағында да «Өрлеу»  атаулы  әлеуметтік көмектің жетекші пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.  Бұл бағдарлама бойынша 2016 жылы  880 мың теңге көлемінде қаржылай көмек 6 отбасына көрсетілді. 2017 жылы 1 млн. 960 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылды.
Білім беру.
Сапалы білім беру әрқашан  кез келген мемлекеттің даму негізі болып табылады. Біз білім беру саласын дамытуға  жыл сайын бөлінетін қаражат көлемін ұлғайтып, нәтижесінде жаңа мектептер салынып, мектептерге  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Білім беру саласының бюджеті  2016 жылы 4 млрд. 312 млн. теңгені құрады, бұл   2015 жылмен (3 млрд. 523 млн. теңге) салыстырғанда 19% - ға жоғары.
2016 жылы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайларын жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылданды.
Өткен жылдың қаңтар айында Ботақара кентінде 464 орынға арналған жаңа қазақ орта мектебі пайдалануға берілді, Баймырза ауылында 140 орындық бала бақша ашылды.
3 жастан 6 жасқа дейінгі  мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар саны 97,5% құрайды,  Баймырза ауылындағы 140 орындық бала бақшаны және Доскей ауылындағы «Ақбота» бала бақшасында 25 орындық бір топты  есебінен  2015 жылмен салыстырғанда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиемен қамту 3% ұлғайды (2015ж. -83%).  2017 жылы Ботақара кентіндегі қазақ орта мектебінің жанына  4 топқа арналған шағын орталықтың, сонымен қатар, Ғ.Мұстафин кентіндегі «Росинка» бала бақшасында қосымша 2 топтың  және Қушоқы кентіндегі «Айналайын» бала бақшасынан қосымша ашылатын топтар есебінен бұл көрсеткіш 2017 жылы 100%  құрады.
Орта білім беруге келер болсақ, білім беру сапасын арттыру мақсатында ау қызмет етеді. 2016-2017 оқу жылы Токаревка орта мектебінің жанынан бір ресурстық орталық ашу жоспарлануда. Мектептердегі 1712 бірлік техникасы бар компьютерлік парктер кеңейтіліп, жаңартылуда. Нәтижесінде 1 компьютерге 3 оқушыдан келеді.  Биылғы оқу жылында 9 млн.теңге соамысна 60 компьютер сатып алынды. 2017 жылғы бюджетте компьютерлік парктерді жаңартуға  45 млн.теңге қаражат қарастырылған.  Барлық білім беру мекемелерінде Интернет жүйесіне қосылу мүмкіндігі бар. Кабинеттерді жаңа модификацияман жабдықта жұмыстары жалғастырылуда. 2016 жылы республикалық бюджеттени электронды оқыту жүйесінің жиынтығын алуға, яғни: аудандағы 5 шағын жинақталған мектептер үшін (Волховская орта мектебіне-2 жиынтық, Киров орта мектебіне – 2 жиынтық, Сарытөбе орта мектебіне - 2 жиынтық, Ақжар орта мектебіне – 2 жиынтық және Алғабас орта мектебіне жиынтық) проектор-экран-компьютерлерді сатып алуға  4 млн. 960 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.  2017 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 5 робототехникалық кабинет алуға 20 млн. Теңге көлемінде қаражат бөлу қарастырылды.
Ұлт жоспарының 76 қадамын жүзеге асыру аясында, кезең-кезеңмен 12 жылдық білім беру  жүйесі енгізіліп келеді. Мектептегі білім беру стандарттарын жаңарту мақсатында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін 2016 жылы 217 пән мұғалімдері  мен бастауыш пән мұғалімдері жаңартылған стандарттар бойынша оқыту курстарынан өтті.
Қазіргі уақытта, алған білімдерін аудан мектептеріндегі білім беру процессіне енгізіп, қолдануда. 
Білім берудің қолжетімділік аспектісінің бірі оқушыларды әлеуметтік қолдау болып табылады. Бұл бағытта әлеуметтік аз қамтылған категориядағы балаларды қолдау жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Аз қамтылған отбасыларының балалары, қамқорлыққа алынған балалар және жетім балалар әлеуметтік қолдаумен толық қамтылған, яғни, бұл жерде балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 58 млн. 700 мың теңге бөлінді.
Мектеп жанындағы лагерьлерде жазғы сауықтыру демалысымен 6 мың оқушы қамтамасыз етіліп, қала сыртындағы лагерьлерде 150 оқушы сауықтандырылды.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» және «Аймақтарды дамыту» мемлдекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында 22 білім беру мекемелерінде жалпы сомасы 238 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылдың бюджетінде Үштөбе, Токаревка, Петровка, орта мектептерінің терезеслерін ауыстыру, Белағаш орта мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, Қушоқы және Ғ.Мұстафин кенттеріндегі бала бақшадағы қосымша ашылатын топтарға арналған үй-жайларға қосымша жөндеу жұмыстарын жасау үшін қаражат қарастырылды.
Денсаулық сақтау.
Денсаулық сақтау саласында  аудан тұрғындары денсаулығының көрсеткіштерін сақтау және жақсарту бойынша міндеттер шешілуде, медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыруды қамту  бойынша.
Ауданда аудандық орталық аурухана мен аудандық емхана, 2 учаскелік ауруханалар, 16 дәрігерлік амбулаториялар, 6 фельдшерлік-акушерлік және 36 медициналық пункттер қызмет етеді.
2016 жылдан бастап «Денсаулық 2016-2020» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылады. 2016 жылға Бағдарламаның барлық мақсатты индикаторларына қол жеткізілген. Жыл қортындылары бойынша ауданда әлеуметтік-маңызды аурулардың саны қысқарған. Жалпы өлім төмендеген, ана өлімі болған жоқ. 
11,5% жүрек-қан тамыры аурулары мен ауыру салдарынан өлім төмендеген.  Ауруды бастапқы кезеңінде анықтау мақсатында 2016 ж өткізілетін 8 скринингтерге қосымша үшеу енгізілген. Тұрғындарды қамту 36 мың адамнан асты, оған 2,5 млн.теңге жұмсалды. 
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2015ж жалпы 485 млн. 738 мың. тенге сомасына  Кокпекті, Петровка, Баймырза, Үштөбе ауылдарында 4 дәрігерлік амбулаторияларының құрылысы басталды, 2016 ж құрылыс аяқталды, нысандар пайдалануға берілді.
Денсаулық сақтау жүйесінде 66 дәрігерлер және 236 орта медициналық жұмыскерлер  жұмыс істейді.
2016ж ауданның медициналық мекемелеріне 7 дәрігер келді (аудандық ауруханаға дәрігер рентгенолог, Мұстафин к учаскелік ауруханасына терапевт дәрігер, Каражар, Үштөбе, Новоузенка, Самарқант  дәрігерлік амбулаторияларына жалпы тәжербиелік дәрігер және Баймырза ауылының амбулаториясына) қабылданған шараларға қарамастан ауыл учаскелерінде дәрігерлер жетіспеу мәселесі өзекті болып қалуда- Петровка, Ақтөбе дәрігерлік амбулаториялары, Керней ауылының учаскелік ауруханасы.
Мемлекет басшысы «Электрондық үкімет» дамуы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының артуы мәселесіне үлкен назар аударады.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары 81 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Өткен жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарына 145 мың. 247 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Қызметтер көрсету бойынша жүйелі ішкі бақылау жүргізіледі, қызмет көрсету сапасына шағымдану болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мемлекеттік органдардың ресми сайттары мен аудандық газетте үнемі түсіндіріледі.
Құрметті жерлестер!
Барлық алдын алу шараларын орындау негізі - салауатты өмір салтын құру және енгізу, бұқараны дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жұмылдыру екені сөзсіз. Салауатты өмір салты ұлт саулығының кілті болып табылады. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданда барлық жас мөлшеріне қатысты категриялар мен әлеуметтік топтағы халыққа арналған дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық-спорттық шараларды өткізу санын арттыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Біздің ауданымызда спорттың 28 түрі дамып келеді, оның ішінде Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енген 12 спорт түрі бар. Аудан аумағында 179 спорт объектілері мен ғимараттары тіркелген.қазіргі уақытта халықты бұқаралық спорт түрлерімен қамту 29,5 %-ды немесе 18,5 мың адам санын құрайды. Бұл көрсеткіштерді жоғарылату – Ботақара кентіндегі қазақ мектебіндегі жаңа спорт залының ашылу есебінен мүмкін болып отыр, сондай-ақ, «аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Ақтөбе, Үштөбе және Үміткер ауылдарында көше бойындағы жаттығу құрылғылары қамтылған спорт алаңдары орнатылды.
Есептік  мерзім ішінде 52 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, онда 7 мыңнан астам адам жұмылдырылды.
2016 жылы аудан спортшылары барлық республикалық және облыстық жарыстарға қатысып, әр-түрлі деңгейдегі 117 марапатқа ие болып келді.
Ауданның бес спортшысына спорт шеберінің кандидаты атағы, ал 14 оқушыға спорттық разрядтар берілді.
Айта кететін жайт, былтырғы жылы спорт объектілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 140 млн.теңге көлемінде қаражат бөлу мүмкін болды. Ол қаражат есебіне Ботақара кентіндегі «Сары арқа»  стадионына, Гагарин атындағы  ОМ, Үштөбе ОМ, Үміткер ОМ спорт залдарына, Петровка орта мектебінің  спорт және атлетика залына, Ботақара кентінің өнер мектебінің спорт залына жөндеу жұмыстары жасалды.  Аудан спортшылары мен аталмыш мектептердің оқушылары дене шынықтыру және спортпен шұғылданумен жарық әрі кең спорт залдарында айналасуға мүмкіндік алды.   
Мәдениет.
Ауданда Қазақстан халқының тілін, мәдениетін және салт- дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасалған. Бізде 9 этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді.
Әншілер мен би ұжымдары көптеген Республикалық және Халықаралық байқаулар мен фестивалдарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.
Бүгінгі күнде ауданда 75 мәдениет нысаны, оның ішінде 40 кітапхана, оның 24 –і моделді кітапхана, 34 клуб және бір тарихи өлкетану музей бар.
2016 жылы мәдениет нысандарын жөндеуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 225 млн. 300 мың теңге қаражат бөлінді.
Тоғызқұдық, Байқадам және Тегізжол ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жүргізілді.
Үміткер ауылынан клуб ашу үшін жеке меншік иесінен алынған ғимарат  күрделі жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар 2 кітапхана: Доскей ауылының кітапханасы мен Ботақара кентінің Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әкімшілік ғимараты жөндеуден өткізілді. Өткен жылы наурыз айында шатыры құлап авариялық тұрғыдағы Ғ.Мұстафин кентінің Мәдениет үйі ғимараты жөнделді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай күрделі жөндеуден кейін клубтар салтанатты түрде ашылды.
2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға мақсатында Ботақара кенті мен Гагарин ауылының тұрғындарына барлығы 24 тыңдаушыға мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылы аталмыш курс Ботақара, Петровка, Баймырза, Қызылқайың ауылдарынан барлығы 48 тыңдаушыға ұйымдастырылады. Сондай-ақ, алғаш рет ересектерге арналған ағылшын тілін оқыту курсы ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Ішкі саясат.
Жергілікті атқарушы органдардың идеологиялық жұмысы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету,  мемлекеттік басымдықтарды насихаттау, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға бағытталған. Ауданда тұрақты қоғамдық-саяси және әлеуметтік жағдай сақталған.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы  және мемлекет Басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мен насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. 2016 жылы еңбек ұжымдары мен тұрғындар арасында барлық деңгейдегі ақпараттық-насихаттау топтарымен барлығы төрт жүзден астам іс-шаралар өткізілді.
Дінаралық қарым-қатынас саласында тұрақтылықты сақтау,  деструктивті діни ағымдардың идеологиясының таралуына жол бермеу, әсіресе жастар арасында жүйелі ұйымдастырушылық және идеологиялық жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс кәсіби дінтанушылар мен теологтардың қатысуымен, ресми дін өкілдерімен тығыз байланыста өзара іс-қимыл жүргізіледі. Айта кету керек, біздің ауданымыздың тұрғындары үшін радикалды діни көзқарастар тән емес.
2016 жылы ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайтуға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдық мерей тойлары, сонымен қатар мемлекеттік және басқа да маңызды оқиғаларға бағытталған іс-шаралар болды.
Жастар саясаты.
Аудан тұрғындарының үштен бір бөлігі жастар болып табылады. 2016 жылы ауданда мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру 12 млн. 633 мың теңге құрады. Аудан жастары арасында түрлі форматтағы патриоттық, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар бастамаларын қолдауға бағытталған үш жүзден астам іс-шаралар өткізілді.
«Жасыл ел» жобасын іске асыру үшін 1 млн.211 мың теңге бөлінді. Жазғы еңбек маусымы уақытында студент, ауыл және жұмыссыз отырған жастар арасынан 30 адам еңбектенді.
Өз талантын және қабілетін көрсету үшін шығармашылық жастарға арналған түрлі форматтағы алаңдар құрылды. Біздің жастар облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысып, онда елеулі нәтижелер мен жүлделі орындарға ие болуда.
2017 жылы жастар саясаты саласындағы жұмыс, жастар ортасындағы маңызды мәселелерді сапалы мониторингілеу мен талдауды жүргізу, қолданыстағы бағдарламаларды іске асыру және басқа да бастамашыл жобалар мен акциялар қолдану арқылы жастарды жұмыспен және бос уақытын қамтамасыз ету, жастармен жұмыс жасауда атаулы тәсіл арқылы бағытталады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.  Бағдарлама аясында білікті жас мамандарды әлеуметтік қолдау және ауданға тарту бойынша шаралар қолданады, олардың жемісті жұмысы істеуіне жағдайлар жасалып отыр.
2016 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауды жастар арасынан 36 адам пайдаланды, олар 5 млн. 345 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, 28 маман тұрғын үй алуға жалпы сомасы 81 млн. 852 мың теңге бюджеттік несие алды.
Мемлекет басшысы «Электронды үкіметті» жетілдіру жұмыстарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға аса назар аударады.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекетті қызмет көрсетудің 81 түрін атқарады. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша аудан тұрғындарына 145 мың 247 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қызмет көрсету бойынша ішкі бақылау жұмыстары жүйелі түрде атқарылады, көрсетілген қызмет сапасына шағымдану жағдайы болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және аудандық газет арқылы түсіндіру жұмыстары ұдайы түрде жүргізіліп тұрады.
Құқық бұзудың алдын алу.
100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Елбасымен жергілікті полиция қызметін қалыптастыру мен қызметі мәселелері бойынша Заңға қол қойылды.
Дәл полиция қызметі  жергілікті қоғамдастықпен тығыз байланыста болғанда ғана   "нөлдік төзімділік" режимін қамтамасыз етеді. Жыл қорытындылары бойынша қоғамда "нөлдік төзімділік" қағидасын қалыптастыруға әсер ететін, құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстың оң нәтижесіне қол жеткізілді, анықталған ұсақ бұзақылық саны артты. Есептік кезеңде 2 мың 508 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, жалпы 27 млн. 43 мың. тенге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды.
Құқық қорғау органдарымен өткен кезеңде 610 қылмыстар тіркелді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 4,4% аз. Ұрлау фактлері тіркелуі 60%-ға төмендеуі, автокөлік ұрлануы 40%,-ға, бұзақылық 45,5%-ға төмендеуі байқалады. Сондай ақ жедел-алдын алу сипатындағы қабылданған шаралар нәтижесінде мал ұрлану 16,4%-ға төмендеді, сәйкесінше олардың ашылуы 43,5%-ға дейін артты. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 5,2% -ға дейін төмендеуі байқалады (2015 жыл-72,4%: 2016 жыл – 68,6%).   Сонымен қатар орта ауырлықтағы қылмыстардың ашылуы облыстық 35,5% көрсеткіште, 45,2% -дан 52,8%-ға дейін өсті.
Қазіргі кезде «Сарбазы» қоғамдық нысаны және 29 адам санындағы қоғамдық кеңесі қызмет етеді. Олардың көмегімен 6 қылмыс ашылды және 46 әкімшілік құқық бұзушылықтар әшкереленді. Ауданда құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия қызмет атқарады. Учаскелік инспекторлардың тұрғындар алдындағы 68 есеп берулік кездесулері өтті.
Сондай-ақ жемқорлық қылмыстарына қарсы әрекет бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.
Бұл жұмысқа «Нұр Отан» партиясы филиалы белсенді қатысады, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық Кеңес әрекет етеді.
Барлық өткізілетін шаралар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары себептерін жоюуға, азаматтық қоғам құрылымдарымен қарым қатынасқа және мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттауға  бағытталған. 
Азаматтардың өтініштері.
Атқарушы билік қызметінің  маңызды жұмысы қоғаммен байланыс жүргізу. Атап айтқанда азаматтардың өтініштерінен біз тұрғындардың күнелікті қиындықтары туралы  нақты білеміз. Өткен жылы аудан әкімдігіне 969 азаматтар өтініштері түсті, менің жеке қабылдауымда 148 адам болды.
Өтініштер талдауы көрсетеді, тұрғындар үшін өткір мәселелердің бірі болып ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және сәулет, коммуналдық-тұрмыстық  мәселелері болып табылады.
Бір де бір өтініштің назардан тыс қалмайтынын атап өткім келеді, ал олардың орындалуы жіті бақылауда болады.
Қадірлі жерлестер!
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 97 қадамындағы ұсыныс негізінде ауылдық округте басқару сапасын және жергілікті маңыздағы сауалдарды шешуге азаматтарды қатыстыру деңгейін арттыруға  мүмкіндік беріп, жергілікті маңыздағы мәселелерді шешу үшін, жергілікті өзін-өзі басқару жұмыстарын кент және ауылдық округ әкімдеріне кезең-кезеңмен тапсыру қарастырылған.
2016-2017 ж.ж. бірінші кезеңде аудандық бюджеттен әкімдердің басқаруына салықтың 6 түрінен түсімдер тапсырылды. Былтырғы жылы аудан бюджетінен 87 млн.тг. тапсырылса, биылғы жылы 145 млн.тг. аудару қарастырылып отыр.
2018 ж.бастап, яғни, екінші кезеңде ауылдық округ әкімінің өзіндік бюджетін енгізу қарастырылуда. Өзіндік бюджеттер енгізілгеннен соң кенттер мен ауылдық округтер қарамағындағы аумақтағы барлық бюджеттік объектілердің қызметін қамтамасыз етіп, абаттандыру жұмыстарын, жолдардың жағдайын қарап, кентті ауылдық округті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Құрметті бұқаржыраулықтар!
2016 жылды қорытындылай келе, өзімнің барлық ұстанымдарымды жеткізіп, қол жеткізген табыстарымыз және алдағы уақытта бізге жүктелген міндеттер жайлы толығымен баяндауға тырыстым.
Атқарылып жатқан барлық жұмыстарымыз бен ауданымыздағы барлық мәселелерді бір ғана баяндамамен айтып жеткізу мүмкін емес екендігі бәрімізге мәлім.  Жоғарыда айтып өткенімдей, Мемлекет басшысының берген тапсырмалары мен мақсаттарының көп бөлігін 2016 жыл қорытындысы бойынша орындадық деп айта аламыз.
Алдағы уақыттағы жұмыстар үшін, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тиімділігін арттыру, еңбек өндірісін жоғарылату өсімі үшін қорлар іздестіру, аймақтағы инвестициялық тартымдылықтарды жақсарту бойынша шаралар қабылдау қажет.
Бұл жұмыстардың іске асырылуы біздің әрқайсысымызға, демек: депутаттық корпусқа, мемлекеттік органдар мен кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдар мен әрбір белсенді әрі аудан өміріне бей-жай қарай алмайтын тұрғынына тәуелді. Мықты әрі бәсекеге қабілетті мемлекетті біз тек, өз қалауларымызды бір ортаға ұйыстырып, бірлік арқылы ғана құра аламыз. Сонда ғана біз барлық қиыншылықтарды жеңе аламыз деп ойлаймын.
 


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 30 Қаңтар 2017 09:13
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 30 Қаңтар 2017 09:16
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»