home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

НЕКЕНІҢ БҰЗЫЛМАҒАНДЫҒЫ – САЛТТЫҢ САҚТАЛҒАНДЫҒЫНДА

Қазақ халқының өмірінде сақталып келген көптеген салт-дәстүрлерінің бірі ретінде некеге тұру немесе отбасын құруды айтуға болады. Адам өміріндегі аталмыш заңды құбылысты тегіннен тегін қозғап отырған жоқпыз. Себебі, «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Енді осы жерден асықпай әңгіменің бауын тарқатсақ.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Бұл орайда, уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік қызмет берушілермен көрсетілетін қызметтерге тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Сол мониторингтің нәтижесіне зер салатын болсақ, жан түршігерлік мәліметтерге куә боламыз. Олай дейтініміз, 2016 жылы Қарағанды облысы бойынша некелерін 11 575 ерлі-зайыптылар тіркеген болса, 6 692 ерлі-зайыптылар некелерін бұзған. Осы орайда айта кететін жайт, «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу»
да мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.

Өткен жылы яғни, 2017 жылы Қарағанды облысы бойынша некелерін
12 933 ерлі-зайыптылар тіркеген болса, 25 858 ерлі-зайыптылар некелерін бұзған екен. Некеге тіркелгендерден көрі екі есе ажырасқандардың көп екендігін байқаймыз.

Аталмыш жағымсыз статистикаға қарап, көңілге кірбің ұялайды, өкініш өзекті өртейді. Ата-бабаларымыз бізге осындай болашақты көксеп пе еді? Әрине, жоқ! Бұл қай сүрінгеніміз, әлде жығылғанымыз ба? Әлде, некеге тұру дәстүрі қазіргі жастар үшін қадір-қасиетін жоғалтты ма? Жоқ, бізге сананың төңкерісі керек.

Осы орайда, «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты» - деп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын дер кезінде жарық көргенін байқаймыз. Дегенмен, Елбасының көрегендігі, жарқын болашаққа нық көзқараспен қарауға сүйемелдейді.  

Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне жүгінетін болсақ, Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ байтақ жерінде мекендеген қазақ халқының неке құру түрлері мен үйлену тойын ұйымдастыру тәртібі және оған байланысты қалыптасқан сан алуан әдет-ғұрыптары жайында толып жатқан деректер бар. Қазақ арасында жастай некелестіру ежелден келе жатқан дәстүр. Кей уақытта қыздарды
13-14 жасында ұзатса, ел балаларды 15-16 жасында балағатқа толды деп үйлендіре берген.

Халық түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе, олар әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары мықты болады деген сенімде болған.

Қазақстан жері ұлан-ғайыр болғандықтан, оның әр түкпірінде мекендейтін қазақ жұртшылығына сырттан тиетін экономикалық әсер мен ислам дінінің ықпалы әр түрлі болғандығы даусыз.

Осыған орай Қазақстанның әр ауданына байланысты әр уақытта жазылған әдеби мұрадағы деректерге тоқталайық. Мәселен, Ы.Алтынсаринның айтуынша Қазақстанның солтүстік-батысын мекендейтін қазақ жұртшылығының арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысында сегіз атаға толғанша, ал П.Маковскийдің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында бұрын жеті атаға дейін қыз қыз алыспаған.

Осылайша, ойымызды сабақтайтын болсақ, аймағымызда некенің қиылуына қарағанда, бұзылуының көп кездесетіндігіне көз жеткіземіз. Бұған себеп, бірнеше әлеуметтік факторлар екендігі баршамызға аян.

Алайда, кішкене ғана статистикаға арқа сүйеніп, үлкен мәселенің басы шалынған мақалаға, әрі қарай өз ойларыңызды тоқиды деген сенім бар.

Бұзылған некенің азаюы, әр қиылған некенің нұры мен ырысының тасығандығы.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаментінің

мемлекеттік қызметтер көрсету

басқармасының бас маманы

ЖҮНІС ЖАНСЕРІК БҰРХАНҰЛЫ


Ақпаратты орналастыру уақыты: 31 Мамыр 2018 16:12
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 31 Мамыр 2018 16:13
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»