100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Басшы туралы

Жакыпбек Дархан Ілиясұлы 1977 жылы 23 ақпанда Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы Шылым ауылында дүниеге келді.
Білімі жоғары. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Орталық Қазақстан академиясының магистратурасын тәмамдады. Мамандығы бойынша экономист, экономика магистрі.
Еңбек жолын 1998 жылдың қараша айында Қарағанды облысының статистика басқармасында экономист болып бастады, 1999 жылдың наурыз айында «Қарағанды ақпараттық-статистикалық орталығы» МК-да оқытушы-аудармашы болып жұмыс істеді.
2002 жылғы маусым айынан мемлекеттік қызметте, Бұқар жырау ауданы бойынша салық комитетінде салық инспекторы, жетекші салық инспекторы.
2005 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың тамызына дейін бухгалтерлік және салықтық есептілік бойынша қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2008 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың наурызына дейін «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды филиалында несие офицері болып жұмыс істеді.
2011 жылдың қыркүйегінде Бұқар жырау ауданы әкімінің өкімімен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
«НұрОтан» партиясының мүшесі.
Үйленген, төрт баланың әкесі.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 19 Тамыз 2016 13:34
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»