100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Бұқар жырау ауданының әкімдігі ___________________

қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

 

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің және әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
  3. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және шешімдерімен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100408, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылы, Доскей көшесі 34 «а»
  10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
  13. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
    функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі миссиясы: кент әкімінің және аппаратының ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету.
  2. Мақсаттары:

1) Ауылдық округ әкімінің және аппаратының ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық деңгейін арттыру;

2) мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалау және көтерме ақы төлеу механизмдерін жетілдіру;

3) қызметкерлерді жаңа компьютерлермен және қажет техникалармен жабдықтау;

4) кіріс және шығыс құжаттамаларын даму механизімін жетілдіру;

5) бұқаралық ақпарат құралдарында баяндамалардың және құқықтық түсіндіру шараларының сапасын арттыру;

6) мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.

  1. Функциялары:

1) кент әкімінің және әкім аппаратының ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38 бабының 1 тармағы, 1 баптың 2 тармақшасы);

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
23) Қарағанды облысы Бұқар-жырау ауданы әкімінің аппаратымен, мемлекеттік мекемелермен, ведомствалармен, аудандық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді (аудан әкімдігінің 2010 жылдың 23 қарашадағы № 34/13 қаулысымен бекітілген «Доскей ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

24)кент әкімі және оның орынбасарының қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етілуін, қызметтік құжаттардың, хаттардың азаматтардың өтініштері мен шағымдарының қаралуын, азаматтардың жеке қабылдауын, азаматтардан келіп түскен хаттары мен өтініштерінің, құжат айналымы, іc жүргізуді қалыпқа келтіруді және жетілдіруді, құпия құжаттармен жұмыс істеуді, мемлекеттік және орыс тілдерінде ic жүргізудің icкe асырылуын ұйымдастырады (аудан әкімдігінің 2010 жылдың 10 қарашадағы № 34/13 қаулысымен бекітілген «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

25) кент әкімі және әкім аппараты құқық қорғау органдарымен және

сот жүйесі органдарымен аудандағы заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша үйлестіруді және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді (аудан әкімдігінің 2010жылдың 23 қарашадағы № 34/13 қаулысымен бекітілген «Доскей ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

26) кент әкімі және әкім аппараты норма шығармашылығы қызметінің механизмін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды (аудан 2010жылдың 23 қарашадағы № 34/13 әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Доскей ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

27) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру (аудан әкімдігінің 2010 жылдың 23 қарашадағы № 34/13 қаулысымен бекітілген «Доскей ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі).

Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi.
 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

1) аудан әкімі және әкімдігінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдар сұрастыру және алу;

2) «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қарауына енетін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

3) «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді шешу, аудан әкімінің және орынбасарларының тапсырмалары бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу.

Міндеттері:

1) кент әкімдігінің және әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзге асыру;

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекетттік қызмет көрсету спасына бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;

3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерін жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы (ауылдық округінің әкімі) жүзеге асырады.
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы лауазымға Қазақстан Республикасының Президентімен анықталған тәртіп бойынша тағайындалады немесе сайланады, Қазақстан Республикасының Президентінің занына сәйкес лауазымынан босатылады.
  3. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;

2) мынадай лауазымды адамдарды:

жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, кент әкiмiнiң орынбасарын;

әкім аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

3) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;

4) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

5) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

7) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде жұмысын үйлестіреді;

 «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттігін орындау қолданыстағы заңға сәйкес оның міндетін тұлғамен іске асырылады.

  1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өзінің орынбасарының міндеттерін қолданыстағы заңға сәйкес өкілеттіктерін анықтайды.
  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен регламенттенеді.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Жеңіс Қасымбек Теміртаудағы экологиялық жағдай туралы пікірін айтты 05 Ақпан 13:28
Жеңіс мерейтойына орай Станиславский театры жаңа спектакль қояды 05 Ақпан 11:57
Теміртауда жастар жобаларының жәрмеңкесі өтеді 05 Ақпан 11:55
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»