home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Талдықорғанда автокөлік иелері үшін мамандандырылған ХҚКО ашылды

2014 жылғы 23 желтоқсан
Талдықорған қ.

Талдықорғанда автокөлік иелері үшін мамандандырылған
ХҚКО ашылды

            Бұл Қазақстандағы сегізінші мамандандырылған ХҚКО. Бүгінгі таңда мамандандырылған ХҚКО-лар Қарағандыда, Алматыда, Астанада, Таразда, Ақтауда, Павлодарда, Петропавлда және Талдықорғанда жұмыс істейді.
Жаңа орталықты ашу рәсіміне Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және «ХҚКО» РМК бас директорының м.а. Әсемгүл Балташева қатысты.
            Алматы облысының тұрғындары жаңа мамандандырылған ХҚКО-да екі сағат ішінде жүргізуші куәлігін алып және автокөлікті қайта тіркей алады. Бұрын осы қызметтерді алуға орташа 6 сағатқа дейін уақыт кеткен.
«ХҚКО» РМК бас директорының м.а. Әсемгүл Балташеваның айтуы бойынша қызметтерді ресімдеу уақытын қысқарту бизнес-үдерістерді автоматтандыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру есебінен мүмкін болған. «Емтихандарды тапсыру үдерістерін автоматтандыру қызметтерді көрсету уақытын қысқартудан басқа толығымен адами факторды бодырмауға және оны неғұрлым ашық етуге мүмкіндік берді», - деп қосты.
Мамандандырылған ХҚКО-да практикалық емтихан тапсыру процесі толығымен  автоматтандырылғандығын: зияткерлік автодром бар екендігін, ол арнайы датчиктермен, ал автомобиль бағаны өз бетінше қоятын, көлікті басқару дағдыларын электрондық бағалау жүйесімен жабдықталғандығын естеріңізге саламыз. 
Мамандандырылған ХҚКО-да құжаттарды ресімдеу үшін шамамен ХҚКО 60 инспекторы, ІІМ, салық департаментінің қызметкерлері, криминалистер және т.б. жұмыс істейді. Олар күнделікті электрондық кезек тәртібімен 400-ден астам адамға қызмет көрсете алады.
Мамандандырылған ХҚКО ғимаратында емтихан сыныбы, реттеу залы, жол полициясы қызметкерлерінің, нарколог және психиатр дәрігерлерінің кабинеттері, көлік құралдарын тіркеу куәліктері мен жүргізуші куәліктерін дайындауға арналған үй-жай, дайын құжаттарды беру секторы бар.
Бұдан басқа, қызметті алушыларға ыңғайлы болу үшін «Connection Point» өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда автомобильге сенімхатты тіркеуді, ЖҚЕ айыппұлдарын, көлікке салықты өтеуді, жүргізуші куәлігін алу және ауыстыруға мембаж салығын төлеуді қоса алғанда, барлық электрондық қызметтерді алуға болады.
Айта кетсек, Қазақстанның Мамандандырылған ХҚКО-лары ағымдағы жылдың басынан бастап 119 710  жүргізуші куәлігін берді және 532 213 автокөлікті қайта тіркеді, 47 078 сенімхат тіркеді.
Әсемгүл Балташеваның айтуы бойынша келесі тоғызыншы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын жақын арада Қызылордада ашу жоспарлануда. 

Анықтамалық:       
Талдықорған қаласының Мамандандырылған ХҚКО жалпы ауданы -  6, 28 га.
Мамандандырылған ХҚКО Шығыс ш.а., Орталық көшесі мекенжайы бойынша орналасқан
ХҚКО жұмыс кестесі: ДС- СН, 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»