100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«ҚР Мемлекеттік құқықтық ауыртпалықтарды тіркеу заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы» мемлекеттік қызметі.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 заңның 4, 5 және 6-баптарына сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), егер осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттік тіркелген
сәттен бастап туындайды. Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу сәті болып өтініш берген сәт танылады.   
- Құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының тиісті қатынастарды реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес туындайды
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, олар тіркелгеннен кейін жасалған деп есептеледі. тіркеуге жатады.
- Жеке тіркелетін немесе жер учаскелеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеумен бірге тіркелетін бастапқы және кейінгі объектілерге құқықтарды қоспағанда, жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде бір мезгілде жер учаскесімен тығыз байланысты жылжымайтын мүлікке құқықтар тіркелген болып есептеледі.
- Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу» Заңына 29.12.2014ж. толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Нотариуспен жасалатын кез келген мәмілелерді және өзгерістерді мемлекеттік тіркеуден нотариус арқылы жүзеге асырылса, мемлекеттік тіркеу нотариус арқылы электрондық тіркеуден өткізіледі.

«ХҚКО» Бұқар жырау ауданының

№1 бөлім инспекторы Н.М.Ташимбекова


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»