home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жарнама- сауда қозғалтқышы!

Жарнама біздің өмірімізге  нықтап енді. Қай жерде  болсақ та біз оны барлық жерден:  теледидардан,  радиодан, әлеуметтік желі арқылы, тіпті автомобиль жолдарынан да кездестіреміз.  Алайда,  қандай да бір тауармен  айналыспас бұрын, сол қызметке рұқсат алу қажет.
         Сіздер білесіздер ме,  облыстық және аудандық маңызды автомобиль жолдарының бөлінген алабынан, сондай-ақ елді мекендерге сыртқы жарнама орналастыруға арналған рұқсатнаманы Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болатынын?  Бұрын, мұндай рұқсатнаманы алу үшін ТКШ бөліміне, ал халықаралық және республикалық маңызды автомобиль жолдарына жарнама орналастыруға арналған рұқсатнаманы алу үшін – Автомобиль жолдары комитетіне  жүгіну қажет болатын.
         Орталықтар ашылғаннан бастап, көрсетілетін қызметтер тізімінің тұрақты түрде кеңеюіне байланысты, бұл  сәл оңайлана бастады. Айталық, 2012 жылдан бастап «Сыртқы жарнама орналастыруға арналған рұқсатнама алу» мемлекеттік қызметі жеке тұлғаларға да, сондай-ақ заңды тұлғаларға да   Халыққа қызмет көрсету орталығы және ҚР Электрондық үкімет порталы арқылы тегін негізде қолжетімді. Құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін рұқсатнама 5 жұмыс күні ішінде беріледі.
Рұқсатнама алуға арналған стандарттық жинақ- белгіленген нысандағы өтініш, нысанның түсі мен мөлшері бейнеленген нобайының  көшірмесі немесе оның түпнұсқасы, уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты және оның өкілдіктік өкілеттілігін растайтын құжаты (сенімхаты) қажет.
Сондай-ақ, бұл қызметті  ҚР Электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық түріндегі қажетті құжаттар болуы тиіс.  Мұндай жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алуды пайдаланушының «Жеке кабинеті» арқылы порталдан жоюға болады. Сөздің реті келіп тұрғанда айтпағымыз, қызмет тегін көрсетіледі. Бас тарту тек қызмет алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ғана болуы мүмкін. 

Анықтамалық ақпарат: ағымдағы жылдың 10 айы ішінде Қарағанды облысы бойынша 38 рұқсатнама берілді.

ХҚКО РМК Қарағанды облысы филиалының
Бұқар жырау аудынындағы №2 бөлімі


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»