home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Астаналық мамандандырылған ХҚКО-да «шоферлік комиссия» іске қосылды

06 ақпан 2015 ж.                                                                                                 
Енді астаналық автокөлік иелері жүргізуші куәлігін алуға қажетті «083У» анықтамасын мамандандырылған ХҚКО-да ала алатын болады. Ол жерде қажетті жабдықтары бар медициналық кабинет жұмыс жасап жатыр. Байқауды терапевт, хирург, офтальмолог, отоларинголог және невропатолог жүргізеді. Анықтама қалалық емханаларда сияқты коммерциялық негіздеберіледі.
«ХҚКО» РМК Астана қаласы бойынша филиалының директоры Руслан Ақтаев халыққа қызмет көрсету орталықтарының азаматтарға қолайлы болу үшін барлық жағдайлар жасап жатқандығын атап өтеді. «Бүгінде мамандандырылған ХҚКО-да толық құжаттар топтамасы бар болған жағдайда, небәрі 2 сағат ішінде ғанажүргізуші куәлігін алуға болады, құжаттардың ішінде психикалық және наркологиялық диспансерлердің анықтамалары, сондай-ақ «083у» анықтамасы да бар. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізуші куәлігін алғысы келгендер үшін наркологтар мен психиатор дәрігерлерге бару қажеттілігі жойылды, ал ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап – оларға мүлде медициналық мекемеге бармай ақ қоюына болады, себебі енді барлық медициналық анықтамаларды бір жерде алуға болады»,- дейді ол.
Бүгінде республикада Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Талдықорған, Павлодар және Петропавл қалаларында 9 мамандандырылған ХҚКО, сондай ақ Қызылорда қаласындағы мамандандырылған ХҚКО пилоттық режимде жұмыс жасап жатқандығын атап өтеміз.  Айта кетейік, «шоферлік комиссиялар» Алматы, Тараз, Талдықорған және Петропавл мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс жасайды.
2015 жылы Қостанай және Ақтөбе қалаларында мамандандырылған ХҚКО-ны іске қосу жоспарланып отыр.

Бұқар жырау ауданы №2  ХҚКО
 


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»