home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттiк қызметі

      1. "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) байланыс деректерi осы регламентке 1-қосымшада көрсетiлген "Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетедi.
      2 Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
      3 Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 14-1 және 150-баптарының, "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы N 1392 қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4 Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) уәкілетті органның стенділерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;
      2) уәкілетті органның [email protected] интернет-ресурсында орналастырылған.
      5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы бекiтілген жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
      6 Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
      7 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы Регламенттің 15-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 7 жұмыс күні;
       8. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет қорытындысын берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) мемлекеттік қызметті алушы уәкiлеттi органға өтiнiш бередi;
         2) уәкiлеттi органның жауапты қызметкерi құжаттар пакетін қабылдайды, оларды тiркеу журналында тiркейдi және құжаттарды алғандығы туралы растама бередi;
        3) уәкiлеттi органның басшысы жеке меншiк құқығына актiге қол қояды және уәкілетті тұлғаға жолдайды;
        4) уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы бекітілген жерге орналастыру жобасын мемлекеттік қызметті алушыға бередi.
      9. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ең аз тұлғалар саны бір қызметкерді құрайды.
      10.  Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.      


«ХҚКО» РМК
Қарағанды облысы бойынша 
филиалының Бұқар жырау ауданындағы                                     
№1 бөлімінің инспекторы
Н.С. Шаймерденова
 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»