home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ресімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген нысандағы өтінішті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының өтініші) алуы болып табылады.     
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: 
           көрсетілетін қызмет беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы:
бес жұмыс күні ішінде, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда – бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді;      
 iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруге алым сомасын көрсете отырып мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ресімдейді және оны ақпараттық жүйе арқылы ХҚҚО -ға жолдайды немесе шетелдік көрсетілетін қызметті алушыға береді;         
Құжаттар пакетін ХҚҚО тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.  ХҚҚО көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.    
Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚҚО -ға жүгіну кезінде қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) белгіленген нысандағы өтініш;      
      2) алым сомасы республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты.
ХҚҚО -ға құжаттарды тапсырған кезде ХҚҚО -ның қызметкері отандық көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:

      1) құжаттың нөмірі және қабылданған күнін;          
      2) сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауын;
     3)қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын; 
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжатты қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің атын (бар болған кезде);
      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) – жеке тұлғалар үшін  немесе атауы – заңды тұлғалар үшін, байланыс деректерін көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді;         
Мемлекеттік қызметті ХҚҚО арқылы нәтижесін алу процесінің сипаты, оның ұзақтығы:
     ХҚҚО қызметкері орындалған құжаттар түскеннен кейін 15 минут ішінде сканер штрихкодтың көмегімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдауды жүзеге асырады; көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 15 минут ішінде көрсетілетін қызмет алушыға немесе оның өкіліне мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.

 

 

«ХҚКО»РМК Қарағанды облысы

бойынша филиалының Бұқар жырау ауданындағы

№1 бөлімінің инспекторы А.Р.Толегенова


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»