100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Автодромда емтихан алды даярлықтан енді демалыс күндері де өтуге болады.

Авомектептердің курсанттары енді мамандандырылған ХҚКО-лардың автодромдарында жүргізу бойынша емтиханға даярлықтан демалыс күндерін қоса күнделікті өте алатын болады.

«ХҚКО» РМК бас директорының м.а. Әсемгүл Балташеваның түсіндіруінше, «болашақ жүргізушілердің жүргізу бойынша практикалық емтиханға айтарлықтай дайын болуы үшін біз емтихан алды даярлықтан өту қызметін іске қостық. Бізге жұмыс кестесіне байланысты қызметті пайдалану мүмкіндігі болмай жүрген азаматтар жиі жүгінетін. Сол себепті біз автодромның жұмыс кестесін қайта қарастырдық».

«Автоматтандырылған электрондық алаңда практикалық емтихан тапсыруға емтихан алды даярлықтан өту» қызметін пайдалану үшін азамат оқыту күніне 2 күн қалғанда мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінуі және қызмет көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Бұл ретте, оның өзімен бірге жеке куәлігі ғана болса жеткілікті.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда емтихан тапсыру процесі бүгінгі күті толықтай автоматтандырылғанын еске саламыз. Автомобильде бақылау мен көлік құралын басқару дағдыларын бағалаудың электрондық жүйесі орнатылған, ол емтиханнан өту кезеңдерін тіркейді және автоматты түрде баға береді.  Осылайша, практикалық емтихан тапсыру кезінде адами фактор толықтай жол берілмейді.

Халыққа қолайлы болу үшін барлық мамандандырылған ХҚКО-ларда психиатриялық және наркологиялық диспансерлердің дәрігерлері жұмыс жасайды, ал Алматыда ағымдағы жылдың қазан айынан бастап шоферлік комиссия іске қосылды, ол мамандандырылған ХҚКО ғимараттарында «083У» анықтамасын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні, мамандандырылған ХҚКО-лар Астана, Алматы, Қарағанды Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасап жатқандығын еске саламыз. Жақын арада Қазақстанның Павлодар, Талдықорған, Қызылорда және Петропавл қалаларында осындай тағы да 4 орталық ашылатын болады.

Мамандандырылған ХҚКО-лар жүргізуші куәліктерін беру, автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу қызметтерін аптасына 6 күн дүйсенбіден сенбіге дейін 9.00-ден 20.00-ге дейін үздіксіз көрсетеді.

Бұқар-жырау ауданының №2 бөлімінің
 инспекторы Хасенов А.Е.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»