100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Шахтинскте ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық кабинет ашылды

 Шахтинскте ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Оның ашылуы Тұңғыш Президент Күніне орайластырылды.
Бүгін облыста және елде инклюзивті білім беру дамуда. Ерекше балалар үшін жаңа ғимарат ашуды «Дара» қайырымдылық қоры мен «East Trade Solution» ЖШС қолдады. Мұндай кабинет Қарағандыда бар, ал ел бойынша олардың саны -18.
- Біз мүгедек балалардың пәтерде тығылып отырғанын қаламаймыз, олардың құрдастарымен араласу мүмкіндігі болуы керек. Шахтинскте бұл кабинеттің жалпы білім беру мектебінде ашылғаны өте жақсы,-дейді «Дара» қорының менеджері Марал Шешембекова.
Жыл сайын 100-ге жуық бала көмек ала алады. Барлық сабақтар тегін. Балалармен тәжірибелі психологтар, дефектологтар, логопедтер мен массаж жасайтын медбикелер жұмыс жасайды.
Кабинет заманауи оңалту құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Мұнда емдік дене шынықтыру залы, Монтессори және ойын бөлмелері бар. Әлеуметтік-тұрмыстық бөлмеде балалар өз білімдерін жетілдіріп, медициналық қызметкер, шаштараз, сатушы мамандығы, сатып алушы және үй шаруасындағы адамдар жайлы біле алады.

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»