100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Оңтүстік-Жезқазған кен орнындағы еңбек дауы реттелді

Жергілікті атқарушы мекемелер өкілдерінің қатысуымен «Қазақмыс» жұмысшылары мен басшылары арасындағы келіссөз аяқталды.

Осыған дейін, Оңтүстік-Жезқазған кен орнының №65 шахтасының жұмысшыларыбасшылыққа бірнеше талап қойған болатын.

Туындаған еңбек дауын шешу мақсатында бастамашыл топ құрылды. Оның құрамына кен орнында түрлі салалар бойынша еңбек ететін 20 жұмысшы кірді.

- Жұмысшылар көтерген әрбір мәселе жеке қаралды. Барлық шешімдер келісілді, барлығы жұмысшылармен келісілді. Мәселе өз шешімін тапты,- деп түсіндірді «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Басқарма кеңесінің бас директоры Бахтияр Қырықпышев.

Қарағанды облысы әкімдігі келіссөздер барысында қол жеткізілген барлық келісімдердің орындалуына кепілдік беріп отыр.

Қазіргі сәтте «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС барлық кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істеуде.

 

 «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Басқарма кеңесінің бас директоры Бахтияр Қырықпышев: 

 

 

 Жеңіс Досжанов, ОЖК (Оңтүстік Жезқазған кеніші) өндіру учаскесінің бригадирі:

11.00

2017 жылдың 30-шы қарашасы күні Оңтүстік-Жезқазған кен орнының қызметкерлері мен Сәтпабев қаласындағы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басшылығы арасында еңбек дауы болды.

Облыс және Сәтпаев қаласы әкімдігі мен «Қазақмыс» компаниясының басшылары оқиға орнында.

Келіссөздер жүріп жатыр. Жағдай қатаң бақылауда. Ресми ақпараттар келіссөздер аяқталған соң беріледі.

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»