100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Теміртауда Қазақстанның үшінші модернизациясына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

 Теміртауда «Қазақстанның үшінші модернизациясы – жаңа тұжырымдама мен заманауи шешім» атты ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ол Қарағанды Мемлекеттік Индустриалдық университетінің 1967 жылғы түлектерінің оқуды бітіргендеріне 50 жыл толуына арналды. Дәл сол жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы оқу орнын бітірген.

Конференция аясында ғылым келешегі мен елдің металлургиялық кешенін дамыту үшін оны біріктіру мәселесі талқыланды. Конференцияның басты мақсаты техника мен технология саласында кәсіби мамандарды даярлау мен 4.0 Индустриясының элементтерін іске асыру үшін инженерлерді дайындау.
Конференцияны Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ашты.
- Бүгін, модернизация дәуірінде Мемлекет басшысы алдымызға үлкен тапсырмалар қойып отыр. Қоғам болып бірлесіп күш салсақ, бұл істер іске асады. Біз технологияларды жаңарту, сандық жүйені енгізу, адами капиталдың сапасы жайлы айтқанда, ешкім, басшылықта, бизнесте, тіпті ғылымда жеке-жеке мұны жасай алмайды. Сондықтан біз жаңа шешімдер іздеу үшін модернизация үрдісіне барлығын белсенді тартып жатырмыз,-деді ол өз сөзінде.
Әкімнен соң сөз шараның құрметті қонағы, Ғылым және білім министрі Ерлан Сағадиевке берілді.
- Елбасының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан дамып келеді. Сол себепті жыл сайын, ай сайын өмірімізде өзгерістер болып жатыр. Бұл жаһандық өзгерістер, экономикалық, саяси өзгерістер бізге қиын тапсырмаларды қоюда. Президенттің жақтастары, ұжымы бұл тапсырмаларды ойдағыдай атқаруда, жәнеде бұл іс болашақтада жалғасын табады деп білемін,-деді ол.
Сонымен қатар конференцияға президенттің жақтастары, қоғам қайраткерлері мен түрлі ғылым саласындағы профессорлар қатысты.
Елбасының майдандастары жастық шақтары туралы, Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге өткізген кездері жайлы естеліктерімен бөлісті.
–Нұрсұлтан Назарбаев студенттік кезінде-ақ танымал, құрметті металлург болды. Ол Хельсинкте жастар мен студенттер фестивалінің делегаты болды. Ол СССР-дің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагаринмен кездесті. Ол бұл туралы топта, қалада, облыста және республикада көп айтатын. Біз онымен бір топта оқығанымызды мақтан тұтамыз. Ол кезден бері көп уақыт өтті, біз институтты бітірдік, біразымыз Қарағандының металлургиялық комбинатына жұмысқа орналастық. Біз өз ісімізге беріліп жұмыс жасадық. Бізден жақсы шеберлер шықты, атап айтсақ: өндіріс басшысы, кәсіпорын жетекшілері,- деді Қазақстанның алғашқы сыртқы істер министрі, елбасының группаласы Төлеутай Сүлейменов.
Конференцияда талқыланған тағы бір басты мәселе – Қазақстанның сандық жүйесі. Бүгінде елімізде әр сала, атап айтсақ: экономика, денсаулық сақтау, білім және ТКШ автоматтандырылып жатыр.Қазақстан Инфокоммуникация Академиясының президенті Шахмаран Сейілов өз сөзінде Қазақстанның білім жүйесі бұл мәселеде кертартпалық танытанынын айтты. Мұны дұрыстау үшін ол бірнеше өзгертулер енгізуді ұсынды: жасанды интеллект бағдарламасын, ғаламтор, робот техникасы және заманауи тілдердегі бағдарламалау негіздерін үйрену керек. Жәнеде ол еліміз жеғңп алған «Силиконды алқап» граты аясында үш аймақта: Қарағанды облысы, Астана қаласы мен Көкшетауда «Cisco» ресурсы пайдалану бойынша жобалар енгізіліп жатқанын мәлім етті. Биыл Қарағанды облысында 100 мектеп және 50 колледж ұстаздары білім алған.
Ерлан Сағадиев бұл көзқараспен келісті.
- Бірінші және бесінші сынып аралығында блоктық бағдарламалау оқытылатын болады. Ал 6-шы сыныптан бастап академиялық еркіндік енгізіледі, мектептер оқушыларын қай бағдарламада оқытуды өздері таңдайтын болады. Менің пікірімше, мектептерде ІТ саласында бағдарламаларды қиындатып, робототехниканы стандарттық бағдарламаға енгізу керек, біз қазір осы мәселені ойластырып жатырмыз,-деді министр.
Сондай-ақ ол Парламенттің екінші оқылымында заңжобасы қаралатынын айтты, оған сай еліміздің жоо-да білім берудің типтік бағдарламасы алынып тасталады, оның орнына профессорлар өз әдістерін ұсынатын болады,оларды үкімет қарайды.
Айта кеткен жөн, конференция барысында Қзақстан Халық Ассамблеясы Академиясы, Cisco Желілік Академиясының аймақтық орталығы, 3D инжиниринг фабрикасының лабораториясы мен Коммерциялау кеңсесінің «Рухани жаңғыру» кеңсесі ашылды.

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»